Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Әл-Фараби және музыка

Қазақ топырағының талай ойшыл азаматтары Шығыс пен Батыс мәдениетін тең меңгеріп, өз еңбектерін көпке ортақ тілде жазып, кейінгі ұрпақтарына қалдыра білді. Олардың ішінде аты әлемге жайылғандары да аз емес. Солардың бірі бәрімізге танымал, Отырарлық ұлы жерлесіміз Әбу Насыр әл-Фараби. Сонымен қатар қасиетті Отырар даласы талай-талай ғұламаларды дүниеге алып келді. Еліміздің Бас Муфтиі, профессор Әббсаттар Дербісәлі «Отырар мәдениеті және Отырарлық ғалымдар» деген еңбегінде осы өңірден шыққан ғалымдар 27 Фарабидің аттарын атайды. Соның бірі Ислам ортағасыр философиясының көрнекті өкілі Әбу Насыр әл- Фараби болса, ендігі бір өкілі біздің үлкен замандасымыз ХХ-ғасырда ғұмыр кешкен Отырарлық ірі тұлға қазақ халқының бір туар дарынды композиторы Шәмші ағамызды айтсақ сол бір үлкен көштің, дәстүрдің жалғастығы, сабақтастығы болмақ деп ойлаймыз. Бірақ біздің бұл мақаламыз тікелей әл-Фарабидің музыка іліміне арналғандықтан ендігі жерде осы мәселе төңірегінде өз пайымдауларымызды ортаға салайық.

2. Әл-Фарабиді дүниеге танытқан музыка теориясына арналған «Музыканың үлкен кітабы» атты еңбегі. Ғұлама бұл еңбегінде математикалық тәсілдерді пайдалану арқылы музыкалық дыбыстарды тұңғыш рет қағаз бетіне түсіріп, нотаны алғаш дүниеге келтірді. Ол тек музыка теориясын ғана емес музыкалық аспаптарды да қолдан жасап, сол аспаптарда керемет ойнайда білген екен. Қазақ домбырасын дүниеге келтірген асқан музыка зерттеушісі ұлы бабамыз Әбу Насыр әл-Фараби десек біз қателеспеген боламыз. Оған бірнеше ғылыми дәлелдер, Фараби жасаған музыкалық аспаптар түрі куә бола алады. Оның шебер орындаушылығы жөнінде шығыс халықтары арасында күні бүгінге дейін айтылып жүрген көптеген аңыздар да бар.

Фарабидің бұл музыкалық дыбыстың сипаты мен құрылымынан бастап, музыканың поэзиясымен байланысына дейінгі «музыкалық ғылымының» мәселелеріне ғана айналмай, музыканың эстетикалық-теориялық принциптерін шешуге бағытталған. әл-Фарабидің музыкасы, поэзиясы эстетикалық көз қарасы осы күнге дейін толық зерттелінбей келеді.

0
0
457

Осы тақырып бойынша

Әл-Фараби және музыка - Yvision.kz