Мазмұнға өту
uservk271029021

Сауле Турсункали

@uservk271029021

Сайтта 2021 ж. 13 ақпан

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

23

пікірлер

0

тіркелуші

0

жазылымдар

0

"Қазақ" газетінің шығу тарихы.

“Қазақ” газеті 1913 жылдың 2 ақпанынан бастап 1918 жылдың 16 қыркүйегіне дейін Орынборда шығып тұрған, ұлттық баспасөздің, әдебиет пен мәдениеттің дамуына үлкен ықлал еткен басылым еді. Оның редакторы- Ахмет Байтұрсынов, шығарушысы- Мұстафа Оразаев болды. Газетте Бөкейханов, Дулатов, Шәкәрім, М.Жумабаев, С. Дөнентаев, Б.Майлин, тағы басқа қазақ қаламгерлерінің публицистикалық, көркем шығармалары жарияланып тұрды. Сол кездегі қазақ саяси өмірі мен қоғамдық ойының белсенді өкілдері ұлттық басылым төңіpeгіне тоғысуы кездейсоқ жағдай емес еді. Олардың бірлесе қимылдауға, қосылып іс- әрекет жасауға итермелеген- ғасыр басындағы қазақ жеріндегі қоғамдық саяси ахуал, елдің ауыр халі болғандығына көзіміз енді жетіп отыр. Демек, “Қазақ”газеті- сол кезеңнің шындық шежіресі, өмірлік айнасы болып қана…

0
0
361

Бүгінгі «Жұлдыз» журналының мазмұндық, тақырыптық ерекшелігі..

«Жұлдыз» журналы қазақ публицистикасының бастауында тұрған «Шолпан», «Таң» журналдарының ізбасары. Әр жылдары «Жаңа әдебиет», «Жыл құсы», «Әдебиет майданы», «Майдан», «Әдебиет және искуство» деген атаулармен шығып тұрған, яғни ізбасарлары. Бір ғасырға жуық уақыттан бері әдебиетіміздің шежіресіне айналды. Қазіргі таңда, жаңа мазмұнға, ерекше дизайнға көшіп, ерекшелене түсті. БАҚ-ның ішінде алғашқыларының бірі болып латын қарпіне көшкен журналдардың бірі. Журналдың “проза”, “поэзия”, “Ислам тағылымы”, “әдеби мұра”, “зерде”, “әдебиеттану”, т.б. бөлімдерінде қазақ ақын-жазушыларының жаңа шығармалары, өнер туындылары, қазақ халқының тарихы мен мәдениетіне, өнері мен әдебиетіне қатысты мақалалар жарияланады. Басылымдар әр түрлі, соған сәйкес олардың ерекшеліктері де сан алуан екені мәлім. Ал ол…

0
0
119

Психикалық және психологиялық денсаулықтың арақатынасы.

Соңғы жылдары әлемнің көптеген елдерінде психикалық денсаулықтың бұзылуы жоғары көрсеткішпен сипатталады. Психикалық аурулардың, тұлға фрустрациясының, мазасызданулардың, стресстердің таралу көрсеткіштерінің өсу тенденциясы, әр түрлі суицидтердің, тұлғаішілік келіспеушіліктердің, тәуелділіктердің (нашақорлық, ішімділік, токсикомания, ойын құмарлық және т.б.) орын алуы байқалады. Сондай-ақ, әлеуметттік-экономикалық өзгерістер салдарынан халықтың басым көпшілігінде, психологиялық әдебиеттерде теңелу дағдарысы деп белгіленген психологиялық феномен қалыптасып қалған болып шықты. Ол өз-өзін сезіну сезімін жоғалтуынан, өзгерген қоғамдағы өзіндік рөліне бейімделе алмауынан (немесе қиналуынан) пайда болады. Бұл жағдай өзгеріп жатқан қоғамдық және экономикалық қатынастар мен тұлғалық мақсаттардың,…

Әл-фараби және математиканың философиялық негіздеу мәселелері

Фараби түркі, араб, парсы, грек және басқа тілдерді жетік білген. Кейбір деректер бойынша тіпті ол 70 тіл білген деп те айтылады. Бұл әрине, асыра дәріптеу болар.Фараби ғылымды көбінесе өз бетінше меңгеріп, аса зор табандылық көрсеткен, орасан мол табыстарға жеткен адам. Ол, әсіресе, грек ғылымы мен философиясын, ең әуелі Аристотельдің бай мұрасын игеруді қолға алған. Мұнда ол аса үлкен шыдамдылық пен ыждаһаттылық көрсетеді. Бір аңыз бойынша, ол Аристотельдің “Жан туралы” дейтін еңбегін жүз рет, “Табиғи гармониясын” қырықрет, “Риторикасын” екі жүз рет оқыған көрінеді.Шығыстың ғұлама ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби 870 жылы бүгінде Отырар аталатын, Арыс өзенінің Сырға барып құятын сағасындағы Фараб қаласында дүниеге келді (қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысындағы Отырар қаласының маңайындағы орта…

Мәдениет және оның адамның өмірі мен әрекетінде алатын орны.

Мәдениет-адам әрекетінен туындайтын өзгерістер. Адамның жеке мәдениеті мен қоғам заңдары тығыз байланысты болып келеді. Мәдениет-материалдық және рухани болып ажыратылады. Дегенмен, материалдық мәдениетсіз рухани мәдениет қалыптаспайтыны бәрімізге мәлім. Біздің ежелгі тарихымыздың өзінде өзіндік бір мәдениет жатыр. Дәл сол сияқты әр елдің өзіне тән дәстүрі болады, міне, оның өзі үлкен мәдениет емес пе?! Адам өмірінде мәдениет ойып тұрып ерекше орын алады. Біздің жүріп-тұруымыз,сөйлеген сөз саптауымыз, күлгеніміз, яғни бәрі-мәдениетке келіп тіреледі. Осы жерден оның көп деңгейлі жүйе екенін аңғарамыз. Мәдениет қоғамдық адамнан ажыратылмайды, адам-мәдениеттің бір бөлігі. Себебі елдің мәдениеті: театр, радио,теледидар, мұражайлар. Оны іске асырушы-адам. Сондықтан, мәдениет адаммен тікелей қа…

0
0
1979

Аристотель философиясының ықпалы.

Аристотель б.з.б 384 жылы туылған.Б.з.б 322 жылы қайтыс болған. Аристотель-ежелгі грек философы,логиканың негізін қалаушы.Аристотельдің философиясы барлық көне грек философиясының қортындысы іспетті.Тағы бір жағынан қарасақ Аристотель көзқарасы орта ғасыр мен жаңа дәуірдің ғылыми ілімдерінің қайнар бастауы болды.Ұлы ойшыл көне грек данышпандары көтерген мәселелерге жан-жақты талдау жасап,өз заманындағы көкейкесті мәселелерді шешіп беруге ұмтылды.Аристотель философиясында алғаш рет өткен дәуір көзқарасына терең талдау жасалды. Ол “Метафизика” деп аталатын кітабында философияның негізігі мәселелерінің бірі-болмысты жан-жақты анықтай отырып,өзіне дейінгі ойшылдарға ,әсіресе,Платонның философиясына сын ескертпелер айтты. Бұл жерді біз Аристотель мен Платонның арасындағы сабақтастық байланысқа…

0
0
176

Төртінші билік иесі

Мамандық таңдау - бұл ең қиын шешімдердің бірі. Барлық мамандықтың өзіндік ерекшелігі және қызығы болады. Менің таңдауым журналистикаға түсті. Қиындығы мен қызығы қатар жүретін бұл мамандық аса еңбекті талап етеді. Журналист қызықты жаңалықтарды табуы керек, олардың негізінде жаңалықтар мен репортаждар жасалады. Бұл мамандықтың адамның өміріне қауіп төнетін тұстары да бар. Кез-келген қиындыққа дайын болу керек. Ең қиыны - қызықты ақпарат табу. Себебі, адамдарға қызығушылық таныту үшін сенсация болуы керек. Қазіргі уақытта мұндай жаңалықтарды табу әрдайым оңай бола бермейді. Егер адамдар көп жұмыс жасауды, саяхаттауды ұнататын болса және ешнәрседен қорықпайтын болса, онда журналист олар үшін идеалды мамандық деп ойлаймын. Журналистика мамандығы мен үшін өте ыстық әрі ерекше. Алматы қаласын…

Тәуелсіздік-тұғырым

Тәуелсіздік – бабалар аңсауы, ұрпақтың қолы жеткен киелі кезең. Тәуелсіздік – таңбасы таста, қаны қара жердің тамырында жатқан құдіретті сөз.Түп шежіресі сонау ежелгі түркіден бастау алатын «мың өліп, мың тірілген» қазақ халқы бағзы заманнан бері қаншама өзінің іргелі ел, қабырғалы қалпын, салиқалы салтын сақтап қалғаны – еркіндік сүйгіштік жігерінің, асқақ рухының арқасы. Қазақ мемлекеттілігінің түпкі негізі сонау сақтардан басталып, ғұн, қаңлы, қыпшақ, Ақ орда мен Қазақ хандығының жалғасы – бүгінгі тәуелсіз Қазақстан мемлекеті.Қазақ елінің еркіндігі, тәуелсіздігі үшін тарихта ерекше орын алатын көтерілістер: Сырым Датұлы, Кенесары Қасымұлы, Махамбет Өтемісұлы мен Исатай Тайманұлы бастаған және 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістер болды. Сонау «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» заманынан…

0
0
200

Әл-Фараби мұрасы

Қазақстанда Әбу Насыр әл-Фараби мұраларын аудару, зерттеу, насихаттау жұмыстары мен әрекеттері ХХ ғасырдың 60-70 жылдарынан басталып, Қазақстан фарабитанудың әлемдегі ең үлкен орталықтарының біріне айналды. Қазақстандық фарабитанудың басында, негізгі ұйытқысы, мұраларын тұңғыш іздеуші, аударушы, мәселені көтеруші ретінде А.Машани есімі аталса, ал 1968 жылы ҚазКСР ҒА Философия және құқық институтында «Әл-Фараби мұраларын зерттейтін шығармашылық топ» құрылды, топты ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, философия ғылымдарының докторы, профессор А.Х. Қасымжанов үйлестірді. Насыр әл-Фарабидің өмірі мен энциклопедиялық ғылыми мұрасы, рухани әлемі оның көзі тірі кезінде-ақ сол заман ғалымдарының назарын өзіне аудара бастаған. Фараби өмірден өткеннен кейін бұл зерттеулер бүгінде әлемнің алуан тілде жазаты…

0
0
163

Денсаулықты сақтау

Денсаулық – біздің жалғыз ғана асыл дүниеміз. Денсаулықты ақшаға сата да алмаймыз, сатып та ала алмаймыз. Себебі ақша байлық емес, ең басты байлық-денсаулық. Денсаулығымызды сақтамасақ, күтпесек, оны құртып алуымыз мүмкін. Ал ауырып ем іздегеннен гөрі, ауырмайтын жол іздеу жеңілірек болары айтпасақ та түсінікті. «Денсаулық - зор байлық» - демекші орынды айтылған сөзді жадымызда ұстаймыз. Әрбір адамның денсаулығы – қоғамның байлығы деуге болады. Осы ретте халқымыз «Дені саудың жаны сау» - деген сөзі де тектен-тек айтылмағаны соның дәлелі. Деніміз сауда біздің де күніміз жарық. Болашығымыздың жарқын болатынына сенемін. Денсаулықтан асқан бақыт та, байлық та жоқ. Денсаулықты сақтау тек тазалықты сақтаумен шектелмейді. Денсаулықты сақтау үшін күн режимін сақтай отырып тиімді тамақтану, дене қ…

0
0
119