ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

“Айқап” пен “Қазақ”неге айтысқан немесе басылымдар туралы шындық.

Жалпы ұлттық проблемаларды қамтыған “Қазақ” газеті шығуы 1915жылдың тамызында “Айқап” журналы шығуының тоқтауына себеп болды. Ағартушылардың өздері арасында түңіліс етек жайды. Бүкіл ХХ ғасыр бойында әдебиетте журналдардың жабылу себептері бойынша дау жүрді. Бұл екеуінің кейбір пікірлерінің біріне-бірі қиғаштығы, ол туралы бірсыпыра сөздің болып өткендігі оқушыларға белгілі. Бірақ ол тақырыпта араларында дұшпандық жоқ. Себебі екеуінің де түр мақсаттары бір еді,-деп жазды Бейімбет Майлин. Қос басылымды да елі десе жан беріп, жұрты десе жүрегін жұлып беруден таймайтын нағыз ұлтжанды азаматтар басқарды. Біріншісінің редакторы- қоғам қайраткер, ақын, аудармашы Мұхамеджан Сералин болды. Ал “Қазақ” газетін ұлттың ұстазы атанған атақты- Ахмет Байтұрсынұлы басқарды. Бірақ осы екі басылымның көзқарастары қайшы болған тұс бар. Алайда қанша талас-тартыс болса да, екі басылымда бір-бірінің сөзін сөйлеп, бірін-бірі қолдап отырды. “Айқап”пен “Қазақ” арасындағы алғашқы мәселе-жер мәселесі болды. “Айқап” журналын оқитындар отырықшы болуды жақтаса, “Қазақ” газетін оқитындар қала болуға наразылықтарын білдірді. Бұл екі түрлі пікір, екі түрлі ұсыныс. Мұның біріншісі кедейлердің пікірі, екіншісі ірі байлардың пікірі.

Сонымен, ”Айқап”пен “Қазақ” неге айтысқан? Көрнекті ғалым Кенжебаев оның үш түрлі мәселесін атап көрсеткен. Яғни, жерге орналастыру, съезд шақыру және әліпби түзу жөнінде екі басылым басшылығы бір пікірге келе алмаған. Оны газет-журнал тігінділерінің материалдары да растайды. Айтыс-тартыстың неден ушығып кеткенін “Қазақ”газетіндегі жазылған мынадай мәліметтен айқындауға болады:

“Қазақ”та, “Айқап”та өз бетімен келе жатқан кезде сәтсіз күні басталған басқосу мәселесі шыға келді”,-деп жазады М.Дулатов. Екі басылымның арасындағы болған айтыс кейіннен съезге шақыру жөнінде мәселе көтерді. Қазақта қазір бір журнал, бір газет қана бар, съезде сөйлесіп, кеңескенмен, істейтін адам жоқ. Ісімізді істейтіндер, жақтаушылар көбейсе көздеген мақсатқа жетеміз. “Қазақ”газеті съезд шақыруға келіспегендіктен халық қамынан гөрі, жеке бастарының пайдасын ойлағандық деп тіл тигізе бастаған. Әрине, мұндай қаралау басқарманың шамына тимей қоймады. Кейіннен Ә.Бөкейханов пен А.Байтұрсыновтың жауап хаттары жарияланды.

Басқару туралы пікірталас-жарты жылдан астам қозғалды. Ол сол кезде қазақтарға рух беріп, сананың бой түзеуге аз әсер етпегенін де айта кеткен жөн болар. Және қазақ журналистикасына да қосқан үлесі орасан зор. Дүниеде екі әділ сыншы бар: бірі- халық, екіншісі- тарих. Басқосу туралы айтыстың қорытындысын өмірдің өзі шығарды. Осы мәселелерге келгенде ғалым Қайрат Сақ былай дейді: Кезінде қалың қазақ еліне көздің ағы мен қарасындай қатар қызмет еткен бұл екі басылымды біріне-бірін қарсы қойып қарастыруға мүлдем болмайды. Рас, кейбір мәселелерде пікірге келіспей қалған. Бірақ, ол мақсат бөтендігінен емес.

Қорыта келгенде, қос басылым да қазақты төрге сүйреп, ағартып, кемел елге айналдыруға талпыныс қылды. Сондықтан біз бұл мәселеге келген екі басылым арасында араз болды, екі басшының арасы суық болды деген пікірден аулақ болуымыз керек.