Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Әлемде соңғы уақыттары болған ғаламдық өзгерістер.

Ғаламдық өзгерістер - адамзаттың бұдан былайғы тағдыры және әлеуметтік дамуы шешілетін аса маңызды мәселелер десек те болады. Қазіргі өркениетке тән құбылыс-ғаламдық қауіп-қатердің өршуі. Олар әртүрлі және күннен-күнге арта түсуде. Қазіргі таңда ғаламдық өзгерістердің  бірі- экологиялық проблемалар. Себебі, көптеген өзгерістер орын алуда. Оларға: табиғат апаттары, экологияның бұзылуы, ауаның ластануы  сынды құбылыстар дәлел. Қазіргі әлемде экологиялық проблемалар өзінің қоғамдық мәні жағынан алдыңғы қатардағы мәселелердің біріне айналады, тіпті ядролық соғыс қауіпі де оның көлеңкесінде қалып қойды. Адамның шаруашылық іс - әрекетінің қауырт дамуы, айналадағы ортаға үдемелі, көбіне білдірушілік сипатта әсер етуде. Адамның табиғатқа әсері мыңдаған жылдар бойында қалыптасқан табиғи жүйелерді өзгерту, сондай – ақ, топырақты, су көздерін ауаны ластау арқылы жүзеге асуда. Бұл табиғат ахуалының күрт төмендеуіне әкеліп соқты, көп жағдайларда орны толмас зардаптар қалдырды. Экологиялық дағдарыс шын мәніндегі қауіпті төндіріп отыр; іс жүзінде тез өндіріс алып бара жатқан дағдарыстық жағдайларды кез келген аймақтардан көруге болады. Адам әрекеті тек жер бетіндегі суды ғана емес ауаны да ластап келеді. Өнеркәсіп орындары ауаға орасан зор улы газ және оларға қоса өте майда бөлшектерден тұратын қоспаларды шығарып жатады. Міне, аталған әрекеттердің барлығы дерлік экологияның бұзылуының бірден-бір себебі. Сондықтан қала ішінде неше түрлі жұқпалы ауру тарап та жатады. Олар неше түрлі көз, тері, өкпе дерттерін адамдарға дарытады.

Сонымен қатар, соңғы жылдары әлемнің түк­пір-түкпірінде ауа райының күрт өзгеруі байқалуда. Мәселен, мүлде қар жаумайтын сахараның өзі­не қар түскені әлеуметтік же­лілердегі видеолар арқылы та­рал­ған болатын. Әлемді былай қой­ған­да, биылғы Астанадағы боран ел­дің үрейін ұшырды. Еліміздің бас­қа да аймақтарындағы су тас­қы­нынан да қаншама халық зар­дап шегуде. Қазір климаттың жаһандық жылынуы байқалуда. Бұл мәселе климаттың өзгеруіне және жер бетінде әр түрлі құбылыстардың туындауына, сондай-ақ ауа райы өзгеруіне алып келуде. Міне, осы жағдайлардан бүкіл әлемдік атмосфера экологиялық дағдарысқа ұшырап отыр. Ауаны ластауға жер шарындағы мемлекеттер өзінің экономикалық даму деңгейіне қарай түрліше үлес қосып келеді. Жылдан жылға адамдардың қалыптасқан табиғат кешеніне тигізетін ықпалы барған сайын арта түсуде. Себебі адамзатқа күннен-күнге тамақ өнімдері, пайдалы қазбалар, әртүрлі түсті металдар өте көп қажет болып отыр. Адамзатқа қажеттінің бәрін де тірі және өлі табиғат береді. Табиғи ортаны бүлдірмеу, ластанудан сақтау, табиғат байлықтарын ұтымды пайдалану қазіргі кезде адамзаттың алдында тұрған басты ғаламдық мәселелердің біріне айналды. Сондықтан табиғат жайындағы ғылымдардың дамуымен адам баласының болашақтағы әл-ауқаты тығыз байланысты. Бұл мәселені шешуде соңғы кезде дамып келе жатқан экология ғылымы жетекші орын алады.

0
0
128

Осы тақырып бойынша

Әлемде соңғы уақыттары болған ғаламдық өзгерістер. - Yvision.kz