"Медиа-мәдениет және "Сандық (цифрлық) Қазақстан" моделі: қазіргі заман келбетіндегі болашақ"
Адам баласы өмірінің басты мақсаты – мәдениет ұстындарына сүйене отырып, өзінің бойындағы қасиетті дәйекті де тұғырлы етіп тәрбиелей отырып, жүзеге асыру. Өйткені мәдениеттің өзі өмірдің тиянақтылығын, дәйектілігін, мәнділігін, табандылығын, тұрақтылығын қамтамасыз ететін бірден-бір институт болып табылады. ХХІ ғасырда басталған жаңа үрдістердекөп деңгейлі және көп мағыналы болып табылатын осы мәдениет феноменіне өскен қызығушылық себептерінің бірі – қазіргі кездегі қоғамдық өмірдедәйексіздік, тұрақсыздық, тиянақсыздық, негативтілік сияқты белгілердің біршама орын алғандығынан деп білу қажет. Қоғамда айқын көрінетін мына жағдайлар – ата-ана мен баласы арасындағы түсініспеушілік, олардың арасындағы дау-жанжалдар, адамдардың бір-біріне сенімсіздік білдіруі, бір мемлекеттің азаматтары бола тұрып, ұлтқа, нәсілдікке, діни ұстанымға бөліну, бір-бірін белгілі бір себепсіздіктен жек көру, т.с.с. негативті бейсаналыққа, эмоцияларға негізделген келеңсіздіктер қоғам, мемлекет, әлем өміріндеорын алып келуде. Мұның себебін іздеп, анықтап алудың кезі әбден келді деуге болады. Ал қоғам өміріндегі мәдениет функцияларының бірі – бұл реттеу функциясы. Оның негізгі мәні – адамдардың қоғамдық және жеке әрекет түрлерін реттеу. Мәдениет моральмен құқыққа негізделе отырып, адамдардың мінез-құлқына ықпал етеді.
Медиа-мәдениет-ақпараттық қоғамның ерекше бір мәдени үлгісі. Заманауи мәдени зертеулерде медиа-мәдениетті кең мағынада, тұлғаның әлеуметтенуі мен қоғамдық сананың қалыптасуына септігін тигізетін, мәдени-тарихи даму үрдісіндегі адамзатпен жинақталған, материалдық және интеллектуалды құндылықтардың ақпараттық-коммуникативті құралдарының жиынтығы ретінде анықтайды. Медиа-мәдениеттің салыстырмалы түрде кең таралған баспа, визуалды және аудиовизуалды құралдар жүйесі саласы «бұқаралық коммуникация құралдары» түріндегі анықтамасында қазіргі кездегі ғылыми және күнделікті қолданыста айтарлықтай көп айтылатын ұғым болып табылады. Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған жолдауы еліміздің әл - ауқатын арттыруға бағытталған маңызды қадамдардың бірі деп санаймын. Жас буын өкілі ретінде, әсіресе, «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы үшін ерекше қуаныштымын. Себебі, болашақ технологияға байланысты, технологиялық тұрғыда дамуға қол жеткізу басқа салаларға да серпін береді. Сонымен қатар, IT бағдарламалар шығындарды азайтып, уақытты үнемдеуге көмектеседі, адамдар өзара ақпарат, тауар және қызмет түрлерін алмаса алатын болады. “ Біз цифрлы технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендетуге тиіспіз. Бұл-маңызды кешенді міндет. Елде 3D - принтинг, онлайн - сауда, мобильді банкинг, цифрлы қызмет көрсету секілді денсаулық сақтау, білім беру ісінде қолданылатын және басқа да перспективалы салаларды дамыту керек. Бұл индустриялар қазірдің өзінде дамыған елдердің экономикаларының құрылымын өзгертіп, дәстүрлі салаларға жаңа сапа дарытты". Цифрландыру дегеніміз Қазақстанның озық ел атану жолындағы мақсат емес, құрал. Бәсекеге қабілетті болу, өсімді, өнім өндіруді арттыру, міне, осы-мақсат,-деді Нұрсұлтан Назарбаев өзінің жолдауында. «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы инфрақұрылымды дамытуға, адам капиталын жақсартуға, экономика саласын цифрландыруға және мемлекеттік қызмет көрсету жүйесін жетілдіруге бағытталады. “ Цифрлық Қазақстан " бағдарламасының 4 негізгі бағыты бар. Бірінші-ауыл-аймақты кең жолақты интернетпен қамтамасыз ету. Екінші бағыт- экономиканың салаларына ( көлік және логистика, денсаулық сақтау, білім беру, ауыл шаруашылығы және электронды сауда ) цифрлы технологияны енгізу. Үшіншісі – мемлекеттік органдар жұмысының сапасын арттыру. Төртінші-IT мамандарды даярлау. Құжаттарды есепке алу, сақтау және медико психологиялық көмек көрсету бөлімінің басшысы сөз алып, жолдау біздің еліміздің ширек ғасыр ішіндегі екі жаңғырту үрдісін аяқтап, үшінші, экономикамыздың әлемдік өсімінің лайықты деңгейге жетуін қамтамасыз ететін, жеделдетілген технологиялық жаңғыртылу басымдығына көшуімізді айқындап берді. Тұтастай алғанда, бағдарламаның басты мақсаты – қазақстандықтардың өмір сапасын арттыру әрі ұлттық экономиканы цифрландыру. Құжатты жүзеге асыру шеңберінде 2020 жылға дейін интернет қолданушылардың санын 80 пайызға дейін арттыру, тұрғындардың 95 пайызын цифрлық хабар таратумен қамту, азаматтардың цифрлық сауаттылығын 80 пайызға дейін арттыру көзделуде » Бізге тенхнологияларды тек импорттап қана қоймай, оларды барынша дамыта түсу қажет. Бір орында тұралап қалуға болмайды. Бізге бірлесе әрекет ету керек. Ол экономикаға да тиімді, азаматтарымызға да ыңғайлы. Елбасы:« Болашақ жастардың қолында екенін жиі айтады. Қазақстан бүгінде әркімге қай саладан болмасын мол мүмкіндік туғызып отырған ел. Ел боламын десең, бесігіңді түзе,-дегендей, еңсесін енді ғана көтеріп келе жатқан біздің еліміз үшін дарынды, білімді, жігерлі ұрпақтардың орны бөлек қой. Ал барлық жігер, қайрат, еліміздің болашағы тек жастардың қолында. Елбасымыздың халыққа жолдауында:«Біздің ұрпақ алдында бабалар қол жеткізген игілікті сақтау, қайта қалпына келтірілген мемлекетімізді нығайту және дүниежүзілік қауымдастық талаптарына сай жаңа сапалық деңгейге көтерілу міндеті тұр, -деп», жастарға зор сенім мен үміт артып отыр. Сол сенімді ақтап, болашағымызды жарқын қылайық.