Қазақ халқының бала тәрбиесі.
Төрге іліп, қырық жыл қырғын болса да, көшкен жұртта қалдырмай өзімен бірге алып жүретін қасиетті бесігін қазақ қадірлеген. Өйткені бір ғана шаңырақтың емес, тұтастай ұлттың ұйыған құт-берекесі, болашағы биіктікке көтерілген. Бесік барда ұрпағының өрісі кеңіп, ұлт болашағының бұлыңғыр болмауына кәміл сенген. Тектілігі тереңге тамырланған қазақ халқы бала тәрбиесіне баса назар аударған. Ұлтымыз қашан да баласының рухани жағынан бай болуына көңіл бөлген. Сәби дүниеге келгеннен бастап, оның ойлы, дене бітімінің дұрыс қалыптасуына, ақыл - ойының жетілуіне назар аударған. Кішкентайынан бала бойына адалдық, әділдік, мейірімділік, адамгершілік сияқты бар ізгі қасиеттерді сіңіруде. Үнемі әдептілік тәрбиесін беру арқылы баланы жақсыдан үйренуге, жаманнан жиренуге баулуды да кішкентай кезінен баста…