ru
Default banner
Разное
426 297 жазбалар48 тіркелуші
Всяко-разно
0

Ахмет Байтұрсыновтың “Қазақ өкпесі”мақаласының айшықты мәні.

Мақала аясында А.Байтұрсыновтың қазақ халқының шарушылық жағдайына, жер мәселесіне, әдебиет пен шежіреге арналған ойлары белең алды. Осы бір мақала арқылы, қоғамда орын алып жатқан мәселелерді жіті бақылап, қазақтың рухын көтеріп, бостандық жолына бастап отырды. Бұл заман Ресейдің отарлау саясатымен тұспа-тұс келді және қазақ халқы үшін жер мәселесі ең зарлы мәселеге айналды. Сол тұста Ахмет Байтұрсынов “Қазақ өкпесі” атты мақаласымен сүбелі үлес қосқан еді. Сол кезең қазақ халқы үшін өте ауыр болды. Қаражаттың жетіспеушілігі, оқулықтардың жетіспеуі, жалпы халықтың тұрмыс жағдайының төмендігі сауатсыздыққа әкеліп соқты. Ұлт жанашыры Ахмет Байтұрсынов осы мәселеге қарсы пікір айтқанымен, оны тыңдаған ешкім болмады, ойы елеусіз қалды. 1930жылдардағы ашаршылық халықтың сағын сындырып, білімге деген құлшынысына тосқауыл болды. Дегенмен осы мақаладан кейін халықтың білімге деген қызығушылығы артып, сауатты болуға бейімделді. Мақалада Ахмет Байтұрсынов халықтың ауыр халін, мұң-мұқтажын барынша ашып жазды. Аталмыш мақалада ”...Ата жолдасы надандық, өнерсіздік қазақтан айырылатын емес. Жоқты барға теңгерген ғылым мен өнерді керек қылатын қазақ аз...” Егер ғылым мен өнерді қатар алып жүретін қазақтар көп болса, онда халық тығырықтан шығады,-деп ойлады Ахмет Байтұрсынов. Осыны ұққысы келмегендерге, жөнді жолға түспегендерді көк есектерге теңеп, ызаланды. Пайдаланған жерін мұжыққа алып берді деп үкіметке өкпеледі. Өзге жұрттар ілгері жүрсе, қазақ кері басқан. Ханы да, халқы да надан, бір-бірімен жауласып, берекелі жұмысты ойламайтынын айтып ашынды. Шаруалар жермен бай, ал жерден айрылған соң жұмыс біткені. Қазақтың надандығы да, жалқаулығы да кем емес. Бүгін тойғанына мәз болып, ертеңгісін ұмытып, жерін сатып, ертең тентіреп кетеді. Қаперлі жерде қаперсіз отырдық,- деп бозторғайдай шырылдап, өз наразылығын ашық білдірді.

“Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек... Жұртым деп халықтың мұңын мұңдап, зарын зарлап, сөзін сөйлеп, қарғаға көзін шоқытпасқа тырысады”,- деген тұжырымға келе “Қазақ өкпесі” атты мақаласының қоғамдағы орнын, саяси маңызын айшықтап береді.