Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ұрпақ тәрбиесіндегі негізгі проблемалар

Ұрпақ тәрбиесі – қай заманда да күн тәртібінен түспеген келелі мәселелер. Адамға ең бірінші білім емес, рухани тәрбие керек, тәрбиесіз берілген білім -адамзаттың қас жауы, келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі, деп данышпан әл - Фараби айтқандай, өркениетті елдердің қатарына буынып түйінген мемлекеттің көшбасшы шыңына шығуы- бүгінгі ұрпақ бейнесімен айшықталады. Саналы студент қауымының тәрбиесіне екпін түсіретін семинар оларды ақыл- парасаты мол, ізетті де кішіпейіл, бастысы- мәдениетті азамат етіп тәрбиелеу ісінің тек ата- анаға артылған жүк қана емес, ұстаздың да ұлы міндеті. Рас, бүгінгі тасқындаған толассыз ақпараттар толқыны- технология дәуірінің жемісі. Демек, жаһандану жағдайында өмір сүріп жатқан жас ұрпақты тәрбиелеу оңай шаруа емес. Әсіресе, саңылауын батыстың батпағы бітеген жастардың бойына ұлттық тәрбие ұрығын себу қиынның қиыны. Осы орайда, халқымыздың ғасырлар бойы жинақтап, уақыт тезінен өткен бай тәрбиелік қазынасын оқу- тәжірибесіне қолдану кезек күттірмейді. Бәсекеге қабілетті елдердің қатарына сап түзеу үшін ең алдымен ата - бабамыздан қалған салт - дәстүрімізді, мәдениетімізді сақтай отырып, нақты сол арқылы адамгершілікке тәрбиелеуге міндеттіміз. Рухани тәрбиемен нұрланбаған жас өзінің алған білімін қара басының пайдасына жұмсап, өз мүддесін ғана ойласа, Онда ол ешқашан елінің өркендеуіне үлес қоса алмайды. Сондықтан да біз жастардың бойына адамгершілік пен ізгі қасиеттерді қалыптастырып, сіңіріп, Отанына адал азамат етіп тәрбиелеуіміз қажет. Тәрбие саласындағы өзекті мәселелер Адамгершілік тәрбиесі – тәрбие бағыттарының ішіндегі ең күрделісінің бірі. Адамгершілік тәрбиесінде дінге сүйенбеу мүмкін емес. Адамгершілік заңы Аллаһтың адам баласына түсірген кітаптарының негізінде жатыр. Адам баласының жалған дүниеде және axiреттегі бақытқа қауымдастыратын керекті өнегелердің нелерден тұратындығын білдірі ,құлшылық міндеттерін түсіндіреді. Адамгершілік - әдептілік ілім негізінде тұлға бойындағы рухани - адамгершілік қалыптастырудың дұрыс жүрмеуінен және өзінің өзегінен жасанды коммунистік идеялармен айырылып қалған адамгершілік  келбеттің пайда болуына душар етті. Жақсылық пен жамандық ой мен іс - әрекеттер оның  парқынжіті түсінбеуден болады. Құмар ойнау, шарап ішу, шылым шегу, сияқты жаман қасиеттерде тән мен жан құмарлығын тежей алмау амалдарының әлсіздігі мен дұрыс қалыптаспауынан және адамгершіліктік сананың жетілмеуіне тән құбылыс. Адамгершілік тәрбиесі қоғамның моральдық талабына сай тәрбиелеушінің сезімі, мінез құлқы, санасына мақсатты және жүйелі ықпал ете отырып, олардың бойында адамгершілік сапаларды қалыптастыру делінеді. Сол адамгершілік тәрбиесінің қазіргі кездегі методологиялық, теориялық, әдістемелік ахуалына тоқталатын болсақ, оның кеңес дәуірінің бағыт- бағдарына лайықталған ғылыми - әдістемеліктерінен және бірең сараң адамгершілік мәселесін көтерген мәселелерден ары аса алмай отырмыз. Педагогикалық әдебиеттерде, діни насихаттауда тәрбие ( адамгершілік тәрбиесінде ) проваславие діни руханилықтың негіз етіп көрсету кең тараған. Мұсылман дінінде шариғат мәселесін түсіндірудің өзі қарқынды жүріп жатқаны белгілі. Дінге мойын бұрудың өзі адамның тән және жан қажеттілігіне байланыс әр адамда әр кезеңде туындайды. Егер, осыны ескеретін болсақ және білім беру жүйелеріндегі адамгершілік тәрбиесінің бүгінгі ахуалы мен қоғамда қалыптасып отырған адамгершілік көріністер мемлекет тарапынан саясат пен идеологияның кешенді іс- әрекетін қажет етеді. Жалпы тәрбие, адамгершілік отбасыңнан басталады. “Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің”-деп тегін айтылмаса керек.Қазіргікезде Қазақстан тәрбие беру жөнінен соңғы орында екен. Әрине, бұл қиын мәселе болып тұр. Осыдан бір апта бұрын ғана желіге таралып кеткен қатыгез әке елдің жүрегін дүр сілкіндірді. Жаға ұстарлық жағдай. Көзімнен үздіксіз  мөлтілдеп жас аға берді, жүрегім іштей қан жылады. Өгей емес, туған әке осылай істеп жатса, қалғаны не істемейді? Осындай ата-аналар саны артып барады. Дәл осындай жолмен балаға дұрыс тәрбие береді деген қате пікір. Керісінше, баланың психикасын бұзушылық, арты жасқаншақтыққа апарып соғады.

Әкеге қарап ұл өсер

"Әкесін тыңдап" емес. Демек әке әйелін базарға шығарып, өзі үйде жұмыссыз отырып "еңбекқорлық" туралы ақыл айтса, бала масыл боп өсері сөзсіз. Шылым тартып тұрып ұлын темекіден тыятын, ұстап алса зекіп салатын ата-ана оның санасында сенімсіздік, кереғар катарсис тудырады. Сөз бен істің сәйкестігі – басты феномен. Сіздің әр ісіңіз "өсиет", солай бойға сіңетін қасиетке айналады. Жауапкершіліктің бір ұшы өзіңізді ұстанымыңызда.

Бір қызығы, бала маскүнем әке-шешесінің әдетін жек көріп, жиреніп өссе де өмірлік қиын жайттарда бейсаналы түрде ішімдікке салынып кетуі мүмкін. Бұл жиі кездесетін факт. Яғни жеме-жемге келгенде ұзақмерзімді жады қоймасынан таңдау жасайтын кісі эгосы көре-көре "көзге сіңген" жолды шешім етіп қабылдайды.

"Не ексең, соны орасың" дегендей, сәбидің отбасы-ошақ қасында көріп, сезінген тәрбиесі, айналасындағылармен қарым-қатынасы оның алдағы өміріне тікелей әсер етеді.

Қазіргі кезде мемлекетімізді және оның ұлттық қауіпсіздігін одан әрі нығайтып ,экономиканың тұрақты дамуы мен азаматтардың әл - ауқатының артуын қамтамасыз ету үшін Қазақстанға ұзақ мерзімді тұрақтылық , бейбітшілік пен келісім керектігі Елбасының тұжырымдамаларында үнемі айтылып, білім мен ғылымның, білім мен технологияның, білім мен тәжірибенің, шығармашылық пен парасаттың, білім мен тәрбиенің тоғысқан тұсы айқындала түсуде. Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың « Тарих – жақсы мұғалім, ол халықтың өзін- өзі құрметтеуге қалай өтетінін есіне түсіреді » деген айшықты ойы Конфуцийдің « Тарихқа қарап, жаңаны жасауға қабілетті адам мұғалім болуға лайықты » деген тұжырыммен үндесіп жатқандығы білім мен ұлттық тәрбиенің таусылмас қазына мен парасат қоры екенін тағы да айқындайды. « Біле бер, қанша білсең – тағы тіле, жетерсің мақсатыңа біле - біле » деп Ж.Баласағұн бабамыз айтқандай, табиғат сыйлаған ақыл ой, адамгершілік, дарындылық пен жомарттылық, батырлық пен шешендік келбетін айқындап, пейілдендіре, дараландыра түседі. Ел еңсесінің әрбір игілікті істің ізгіленуіне ерекше еңбек етушілерді қалыптастырушы, бағыттаушы – ұстаздар. Сондықтан да бүгінгі таңда ұстаздарға қоғамымыздың даму бағытында жан - жақты дамыған, сауатты, саналы азамат, Қазақстанның келешегін тәрбиелеу мәселесі жүктеліп тұр. Тәуелсіз елдің жастарына мәдениет пен ғылым, тәрбие мен білім беру – үздіксіз үрдіс.

Қазіргі заман өзгеріп бара ма, әлде адам ба? Біз тәрбиені ең бірінші- ата-анадан алсақ, екіншіден- қоғамнан аламыз. Қоғамда қазіргі таңда не бір жағдайлар болып жатыр, оны бәріміз көріп, біліп жатырмыз. Расында, қазір тіпті бір-біріне аяушылық танытатындар жоқтың қасы. Әлеуметтік желідегі видеоларды көру арқылы баланың сана-сезімі уланады. Жақсы тәлім-тәрбие алуы үшін ең алдымен-ата-анадан көп жылулық және ақыл керек, қоғамда да қатыгез адамдар саны кемісе оң нәтиже көрсетер еді. Қарым-қатынаста кемдік көрмей, мейірге қанып өскен баланың толық адам болатынын айттық. Енді қазіргі таңда көздегені шен-шекпен не сырт сөз емес, өз бақытын өзінен табатын таутұлға тәрбиелеуге тырысып жүрген ізденістегі жас әкелердің тәжірибесіне мойын бұрсақ. Әке мен ананың рөлі екі басқа: ана көбіне баланың танымдық дамуына жауап берсе, әке әлеуметтік және эмоциялық 📷қалыптасуына себепші.

"Бес жасқа дейін патшаңдай төбеңе тұт, он үшіне дейін құлша жұмсап, мүшел жасынан бастап досыңдай сырлас" деген этнопедагогикалық идеологиялық қағида қашанда өзекті. Адам капиталы бәсекеге түскен заманда жұмысбасты ата-ана балаға өз деңгейінде көңіл бөле алмайды.

Тәрбие көзі-білімде...

Тәрбиелік пен білімділікті егіз ұғым деп айтуға болады. Тәрбие бар жерде білім, білім бар жерде тәрбие де бар. 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды оқу және тәрбие берумен қамту 78,6%-дан 81,6% артты.

Мектепке дейінгі білім берумен қамтудың артуына қарамастан, бала-бақшаларға кезек те артып келеді. Бұл соңғы 5 жылда туудың көбеюімен шарттасылып отыр.

📷

Қорытындылай келсем, елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Бо­ла­шаққа бағдар: рухани жаң­­ғы­ру» мақаласында «Жаңғыру атау­лы бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауға тиіс. Керісінше, замана сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғыртудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет», деп атап көрсет­ті. Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы­­ның кепілі. Әр бала атаның қаны­­мен, ананың сүтімен келетін туабітті қа­сиеттер сияқты ұлттық рухани құн­дылықтарды да ең алдымен отбасында ата-ананың тәрбиесімен бойына сіңіретіні анық. Ендеше ұлттық тәрбие – ұлт болып ұйысудың, ел болып ертеңге нық қадам басудың негізі болмақ.

Осы тақырып бойынша

Ұрпақ тәрбиесіндегі негізгі проблемалар - Yvision.kz