ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

Ф.И.Голощекиннің «Кіші Қазан» идеясы және оның қатерлі мазмұнын талдау

“Кіші Қазан”ұғымын ойдан шығарып іске асырған Голощекин болатын. Оның Қазақстанға өлкелік партия комитетінің бірінші хатшы болып сайлануы қазақ халқына үлкен қайғы-қасірет алып келді. Небір сұмдық амал-айла, зымияндық әдіс қолдану арқылы қазақ зиялыларын бір-біріне айдап салып, “халық жауы”деп жапты. 1929жылы-31, 1930жылы-82, 1931жылы-80жалған “контрреволюциялық ұйымдар” ашылып, осы ұйымның мүшесі болды деген өтірік жаламен он мыңнан астам қазақтың үлгі тұтар азаматтарын қамауға алды. Голощекин Қазақстанда “Қазан революциясы”іске аспаған, сондықтан “Кіші Қазан” революциясын жасау керектігін айтып, шу көтерген. Оның түсінбеген мәселесі біреу еді. Қазақтарда негізгі байлық мал болып есептелінген. Малы барларға ғана жайылым керек болды. Малдан айырылса оларға да жер көп қажет болмай қалатын. Сөйтіп Голощекин қазақ байларына мал емес, жер бөліп беруден бастаған. Жайымдылық жерлерді қайта бөлу деген “Кіші Қазан” болып табылды. Бұл Сәдуақасов қарсы пікір айтып, шыр-пыр болған нәрсенің нақ өзі еді. 1926-1927 жылдардағы шабындық пен егістік жерлерді бөлу науқаны “Кіші Қазан”аталды. Бұл тек осы жылдарда жүргізілген, алайда сәтсіз аяқталған. “Кіші Қазан” науқанын дұрыс жүргізе алмағандықтан қолындағы билікті пайдаланып, “Кіші Қазаннан”да қатерлі бағытты ұстана бастады. Қазақ ауылына үлкен алапат аштық келе жатты.

Голощекин мен оның ісін іске асырушылар қазақ ұлтшылдарын жазалауда еш аяушылық танытпады.

А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Ж.Аймауытов бар 20адам ату жазасына кесіліп, соңынан 10жылдық концлагерьге қамалды. Ол Қазақстаннан кеткенше қайраткерлермен күресін тоқтатқан жоқ. Қазақстандағы егістікке жарамды жерлерге орыс шаруаларын қоныстандыру мақсатын бірінші кезекке қоюға тырысты. Бұл шараларды іске асыру идеясы, яғни басты мақсат-қоныс аударушыларға молырақ қазақ жерлерін табыстау болды. Осылайша Кеңес үкіметі қазақ жерін отарлау саясатының қайта іске асырылып, кеңестік заманда жаңа бағытта жүргенін байқатады.

Жоғарғы басшылықтың құрамындағы “ұлтшылдары” қызметтен аластата отырып, 1927жылдың күзінен бастап Голощекин қозғалыс қайраткерлерін соттау шараларын іске асырды. М.Әуезов, Ә.Ермеков және М.Жұмабаев “ұлтшылдық”идеологиясынан бастартатындықтары жөнінде баспасөз арқылы мәлімдеді.

Большевиктік режим осылайша қазақ ұлт-азаттық қозғалысының басында тұрған зиялылар тобын, азаттық идеологиясын жойып тынды. Бұл қоғамның рухани азып-тозуына апармай қоймайтын жол еді. Сонымен бір мезгілде сталиндік қылмысты ұжымдастырудың сұмдық салдарынан 2,5 миллиондай қазақ опат болды. 1930-1932 жылдары 1,3 миллион қазақ КСРО шегінен біржола көшіп кетті. Жазалаушы саясаттың Қазақстан халықтары үшін алапат сипаты болғанын көрсететін екі цифрді келтіруге болады: 1930 жылы республикада 5 млн. 873 мың адам тұратын. Сол жылдары Қазақстанға соншама адам көшірілді. Бірақ 1933 жылға қарай онда халық саны небары 2млн.493 мың адам болды.