Мазмұнға өту
orazali

orazali

Сайтта 2023 ж. 20 қараша

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

103

жазбалар

626

пікірлер

0

тіркелуші

2

жазылымдар

2

Түркістан облысында оқушы толы болған шағын автобус өртеніп кетті

Түркістан облысындағы «Шымкент-Самара» автожолында "Газель" өртенді.

undefined

16 оқушы мен бір жүргізуші болған шағын автобусты қызыл жалын толығымен шарпыған. Олар Қызылорда облысынан Түркістанға экскурсияға бара жатыпты.

Құдай сақтап, "Газельде" болғандардың бәрі одан түсіп үлгерген.

"Шақырылған сәттен бастап өрт сөндірушілер өртті 37 минутта сөндірді. Зардап шеккендер жоқ. Оттың тұтану себебі анықталуда", - деп жазады t.me/qr_tjm.

0
0
451

Атырауда тура Отан қорғаушылар күнінде әскери бөлімнен жауынгер қашып кетті

Ол өзін қуғандарға қарсылық білдіріп, оқ атқан.

undefined

Мамырдың 7-сінен 8-іне қараған түні жауынгер 41433 әскери бөлімінен қару мен оқ-дәрілерді алып қашып кетті.  

Ұстауға талпынған кезде ол оқ атқан. Осыдан кейін әскери бөлім қызметкерлері мен полицейлердің «Арлан» арнайы бөлмшесі мен ҰҚК-ні көмекке шақыруына тура келген.

Ақмола облысынан осы жылы 18 сәуірде шақырылған бұл жауынгер өзімен бірге АК-74 автоматы мен 120 оқ-дәрі алып кетіпті.

Қашқын ұсталып, оған қатысты қылмыстық іс қозғалды.

t.me/guwonline

0
0
343

Путин XXI ғасырдың аяғына дейін өмір сүре ме?

Кеше Ресей президентінің инаугурациясы өтті. Ал президент сайлауы бұл елде биыл 15-17 наурыз аралығында (үш күн бойы!) болған еді.

undefined

Сол кешегі инаугурациядан кейін Путинге діни жоралғы жасаған Орыс православ шіркеуінің басшысы, Мәскеу және бүкіл Русь патриархы Кирилл оған ғасыр соңына дейін президент болып қалуды тіледі.

«Біз «ғасыр аяқталғанша» дейміз ғой. Батыл түрде айтайын, Құдай қалап, ғасыр соңы сіздің билікте болуыңыздың соңын білдірсін. Сізде отанға деген ұлы қызметті ұзақ және жемісті атқаруға керек нәрсенің бәрі бар», – деді патриарх.

Қазір дүние жүзі осы сөзді түсінбей дал болып отыр. Біз де ұқпай қалдық. Сонда Путин ғасыр соңына дейін өмір сүретін болғаны ма?  

0
0
426

Алматы облысында жер сілкінді

ҚР ТЖМ "СБЗҰҒҰ" ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2024 жылғы 6 мамырда Алматы уақытымен 09 сағат 12 мин 44 сек жер сілкінісі тіркелді.

Жер сілкінісінің эпицентрі Қазақстан аумағында Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында 194 км жерде орналасқан.
Сезілетіндігі туралы мәліметтер: Алматы облысының Кеген ауданының Кеген ауылында 2-3 балл, Қарқара ауылында 3-4 балл, Тоғызбұлақ ауылында 3 балл.
Зардап шеккендер мен қираулар жоқ.

0
0
620

Журфак пен Жазушылар одағының арасында не болып жатыр?

Әл Фараби Атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетінің деканы Темірғали Көпбай оқытушы Ермахан Шайхыұлын қорғап жазба жариялады.ШАЙХЫҰЛЫН НЕГЕ ШЫРЫЛДАТАСЫҢДАР?Жазушылар одағындағы төрелер! Сендердің "бір істерің үшін жолдарыңда өлгім келеді, бір істерің үшін қолдарыңда өлгім келеді". Жап-жақсы бастамаларың бар болғанмен, жымысқы істеріңе де есеп жетпейді. Осы жымысқылықты қашан қоясыңдар? Сыйлық, бәйге, мүшайра, байқау болса, сыбырласып, күбірлесіп, қырын тартасыңдар да кетесіңдер. Соңынан сөз болатынын, түбі өздерің масқара болатындарыңды біле тұра сөйтесіңдер. Әділдікке ғана жүгінетін кез болды ғой. Талантты сатирик, қарымды қаламгер әріптесіміз Ермахан Шайхыұлын отқа салғандай етіп неге шырылдатып жатырсыңдар? Таяуда ғана сатираның сардары Ғаббас Қабышұлының өтінішін д…

0
0
426

Соғыс ардагерлеріне 3 млн теңгеге дейін төленді

Бүгінгі таңда Қазақстанның барлық өңірі мен Астана, Алматы және Шымкент қалаларында ардагерлерге төлем жасалды.

undefined

Фото: egemen.kz

Аталған мақсаттарға жергілікті бюджеттерден барлығы 187 млн теңге бөлінді.
Биыл республика бойынша біржолғы әлеуметтік көмектің орташа мөлшері 1,5 млн теңгені құрады. Бұл ретте көптеген өңірде орташа мөлшерден жоғары сома төленді: Ақмола облысында – 3 млн теңге, Ақтөбе облысында – 2 млн теңгеден астам. Абай, Алматы, Қарағанды, Павлодар облыстары мен Астана және Алматы қалаларында ардагерлер 2 млн теңгеден алды.

Елімізде ІІ Дүниежүзілік соғыстың 148 ардагері тұрады.

@qazaqstantv

0
0
485

Бишімбаевқа қатысты сотта прокурор Абайдың сөзін тереңірек оқу керектігін айтты

Қуандық Бишімбаевтың сотында жарыссөз жалғасып жатыр.

undefined

Прокурор Айжан Аймағанова бұған дейін сотталушы Қуандық Бишімбаевтың қорғаушысы өз сөзінде келтірген Абайдың "Қара сөздерінен" үзінді "контекстен үзіп алынған" деп мәлімдеді.

"Абайдың үшінші сөзіне келсек. Десе де қорғаушы тарап контекстен үзіп алған, өйткені Абайдың "Қара сөздерін" түгел оқысаң, мағынасы мүлде басқа. Және Абайды тереңірек оқу керек. Құрметті сот! Мен көп нәрсені айтқым келеді, бірақ бұл ескерту болғандықтан, бұл қысқаша қарсылығымыз", - деді Аймағанова.

Tengrinews.kz

0
0
393

Ресей Нигердегі америкалық базаны басып алды

Ресей мен АҚШ әскері Нигердегі бір базада тоғысып қалды. Вашингтон әскерилердің әртүрлі ангарларда тұратынын, бір-бірімен қиылыспайтынын мәлімдеді.Фото: AFPРесей әскерилері америкалық әскер орналасқан Нигердегі базаны басып алды, деп жазды Reuters агенттігі Пентагонның жоғары лауазымды өкіліне сілтеме жасап. Мұны кейін АҚШ қорғаныс министрі Ллойд Остин де растады.Ақпарат көзінің дерегінше, ресейліктер америкалықтармен араласпайды, олардың әскери техникаларына қол жеткізе алмайды және Нигер астанасы Ниамейдегі Амани Диори халықаралық әуежайының жанында орналасқан 101 әуе базасында жеке ангарды пайдалануда. CNN телеарнасының мәлімдеуінше, ресейлік әскерилерілердің Ниамей маңында жүргеніне бірнеше апта болды.Бұған дейін елдегі билікті басып алған әскери хунта Вашингтоннан елден мыңға жу…

0
0
442

Алматыда жер үй өртенді

Алматылық өрт сөндірушілер жер үйдегі өртті сөндірді.
undefined
Алматыда жеке тұрғын үйдің шатыры жанып, шаруашылық құрылысқа көшті.
Өрт сөндірушілердің күшімен жалпы ауданы 150 шаршы метрдегі өрт 46 минут ішінде сөндірілді. Өрттің себебі анықталуда. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

https://t.me/qr_tjm

0
0
431

Алматы облысында жалған полицей ұсталды

Тәртіп сақшысының киімін киген ер адамның күдікті әрекеттері алдымен әлеуметтік желілерде жарияланған.
undefined
Көп ұзамай Талғар ауданында полиция 31 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады, ол жанармай құю бекеттерінің біріне полиция формасын киіп барғанын мойындады.

Жауап алу барысында жігіт қаладағы әскери киім дүкендерінің бірінен арнайы форманы сатып алғанын айтты.
Жалған полицей қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапқа тартылады. Мұндай әрекеттер өз міндеттерін адал атқаратын ішкі істер органдары қызметкерлерінің беделіне нұқсан келтіреді. Сондықтан, оларға қатаң түрде тосқауыл қойылады.

https://t.me/POLICE_of_KZ

0
0
480