orazali
Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.
рейтинг
103
жазбалар
626
пікірлер
0
тіркелуші
2
жазылымдар
2
рейтинг
103
жазбалар
626
пікірлер
0
тіркелуші
2
жазылымдар
2
Ақмола облысында 85 жастағы тұрғын пәтерінде бір тәулік бойы сынықпен жатқан
1939 жылы туған әйел адам құлап, білегін сындырып алған. Бір тәуліктен кейін туыстары пәтерге кіре алмағандықтан ТЖ қызметкерлерін шақырған.

Ақмолалық құтқарушылар 4-қабаттағы пәтерге автосатының көмегімен терезе арқылы кірді.
Өрт сөндірушілер есікті ішінен ашып әйел адамды жедел жәрдем қызметіне тапсырды.
1939 жылы туған әйел адам құлап, білегін сындырып алған. Бір тәуліктен кейін туыстары пәтерге кіре алмағандықтан ТЖ қызметкерлерін шақырған.
Ақмолалық құтқарушылар 4-қабаттағы пәтерге автосатының көмегімен терезе арқылы кірді.
Мектеп аулаларына ағаш пен гүл отырғызылды
Шымкентте «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында «Өнегелі ұрпақ» апталығы өтуде. Апталық барысында көптеген іс-шаралар ұйымдастырылуда.«Өнегелі ұрпақ – өнегелі іс» жобасы аясында Ы. Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназияның түлектерімен кездесуі өтті. Кездесуге «AMANAT» партиясының Шымкент қалалық филиалының атқарушы хатшысы – Ж.Бектаева Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Шымкент кампусының директоры - Ануарбек Талғат, Шымкент қаласы бойынша Еңбек және әлеуметтік қорғау департаментінің басшысы - Тұңғышбаев Руслан Карибаевич, «САМИ» ЖШС-нің бас директоры - Жамашев Сакен Куттыбекович, белгілі спортшы – Жазира Жаппарқұл және өзге де қонақтар мен оқушылар қатысты.«Таза Қазақстан» республикалық экоакциясы «Өнегелі ұрпақ» апталығы…
100-ге келген ардагерге құрмет
«Өнегелі ұрпақ» апталығы аясында Шымкентте қариялар мен ардагерлер үйін тазалау, шөптерін орып, қоқыстарды шығару, ағаштарды әктеу жұмыстары жүргізіліп, құрмет көрсетілуде.«Таза Қазақстан» акциясы аясында Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Абайұлы бастаған бір топ белсенділер, студент жастар, еріктілер ҰОС ардагері Нина Мосунованың шаңырағына бас сұқты. Жастар ауланы тазартып, ағаш түптерін қопсытты. Қоршауларды сырлады. Бүгінде Шымкентте екі-ақ соғыс ардагері қалған. Соның бірі – Нина Мосунова. Қария биыл 100-ге келіп отыр. Ол 1942 жылы әскерге өз еркімен аттанып, Можайск маңындағы соғыста қолына пулемет алып жауға қарсы шыққан. Соғыстан соң кассир, кітапханашы, хатшы-машинистка болған. Қазіргі таңда 2 немере, 5 шөбере сүйіп отыр.«Бізге бейбіт өмір сыйлаған Ұлы Отан соғысының және…
Қуандық Бишімбаевқа қатысты ашық сот отырысы (2.05.2024 ж. 1-бөлім))
10 жыл бұрын кәсіпкерді өлтіргені үшін сотталған Тоғаевтың кассациялық шағымы қаралды
Осыдан он жыл бұрын батысқазақстандық белгілі кәсіпкер Виталий Каркуланы өлтіргені үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылған Азамат Тоғаевтың кассациялық шағымын Жоғарғы сот қарады.Фото: t.me/Jogargy_sot Тоғаев осы жылдың ақпан айында өзіне қатысты сот актілерін қайта қарау, өзінің іс-әрекеттерін саралаудың дұрыстығына, сондай-ақ жазалау шарасына дау айтып өтінішхат берген.Оны қараған Жоғарғы Соттың сот алқасы бұрынғы сот актілерін өзгеріссіз қалдыру туралы шешім шығарды, яғни жазасын өтеушінің өтінішхаты қанағаттандырылған жоқ.1Өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі тағайындалған жаза жасалған іс-әрекеттердің қоғамға қауіптілігін, әрекетінде қылмыстың қауіпті қайталануын құрайтын бұрын сотталған Тоғаевтың жеке басын және соңғысының аса белсенді қылмысты рөлін ескере отырып, заң…
Ақмола облысында ер адам ыс тиіп қайтыс болды
Бұл қайғылы жағдайға пештегі ақау себеп болған.

"Осы түні Ақмола облысында Жаңақима ауылдық округінде жеке тұрғын үйлерінің бірінде жылыту пешінің ақаулығынан 50 жастағы ер адамның өлімі орын алды. Оқиға орнынан мәйіт табылды. Алдын ала болжам бойынша: көміртегі тотығымен уланған. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиға орнында ТЖД қызметкерлері жұмыс істеуде", - деп жазған https://t.me/qr_tjm.
Қытайда автомагистраль опырылып, 19 адам қаза тапты
Қытайдың оңтүстігіндегі Гуандун провинциясында сұмдық жол апаты болды. Көліктер қатты жылдамдықпен жүретін үлкен автомагистраль опырылып түскен.

Соның салдарынан 18 автокөлік аударылып қалды. 19 адам қаза тауып, 30 адам зардап шеккен.
Қайғылы оқиға жергілікті уақытпен бүгін түнгі сағат 2-лер шамасында болған. Опырылған жердің аумағы - 184 шаршы метр.
Астанадан «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы жөнелтілді
Дәрігерлер бригадасы бар медициналық пойыз бүгін Астанадан 147 шалғай ауыл тұрғындарына тегін амбулаториялық көмек көрсету үшін жолға шықты.Биылғы жылы «Дөңгелектегі емхана» өз жұмысын су тасқынынан зардап шеккен батыс өңірлерден бастайды және 90 мың ауыл тұрғындарын медициналық қызметтермен қамтуға бағытталған.«Жобаның арқасында станциялардың және оған іргелес елді мекендердің көптеген тұрғындары білікті дәрігерлерден консультация алып, қандай да бір ауруларға тексеріле алады. Биыл алғаш рет маммограф сатып алынды, оның қызметтері де халыққа қолжетімді болады. Пойыз жұмысына 14 арнайы маман қатысады.Осылайша, пойыз қызметінің арқасында адамға тиімді көмек көрсетуге болатын патологияны ерте кезеңде анықтау мүмкіндігі артып келеді», - деді Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлта…
Президент Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады
1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елді осы мейраммен құттықтады.Сурет: t.me/aqorda_resmiҚұттықтаудың толық нұсқасын төменде жариялап отырмыз: Қадірлі отандастар!Қазақстан халқының бірлігі күні құтты болсын!Бұл – татулық пен тыныштықтың, тұрақтылық пен бейбітшіліктің символы саналатын мерейлі мереке.Қазақ жерін мекен еткен сан алуан этностың мәдениеті, діні мен дәстүрі өзара үндесіп, бірегей өркениетке айналды. Бүгінде еліміздің барша азаматтары біртұтас ұлт болып Әділетті Қазақстанды құрып жатыр. Ырысты ынтымақтың арқасында халқымыздың қуаты арта түседі. Сондықтан біз бірлігімізді нығайтуға бар күш-жігерімізді жұмылдыруымыз керек. Бұл – әрбір азаматтың мәртебелі міндеті әрі перзенттік парызы.Ел бірлігі, әсіресе, қиын-қыстау сәттерде сыналады.…