Мақала жазу тәсілдері
Бүгін мақала жазудың әдіс-тәсілдерімен бөліскім келді. Журфакқа түскен жас-журналист оқытушыдан мақала жаз деген тапсырма алып, не жазу керек, қалай бастау керектігін білмей, мұңға батып, қиналып жүреді. Келесі пункттерді кезекпен қадағалау арқылы мақаланы тез, әрі сапалы жазуды үйренесіз. Негізгі әдістермен таныс болыңыз. Мақалаңыздың тақырыбын нақтылаңыз. Бір мақала тек бір тақырыпты ашуы тиістігін ұмытпаңыз. Бірнеше нәрсені қозғап, негізгі тақырыптан ауытқып кетуіңіз мүмкін. Ал бұл өз жолында мәтініңізді түсініксіз етеді. Бір мақала - бір мағына, бір тақырып. Тақырып қойыңыз. Тақырыбыңыз оқырман аудиториясын бір қарағаннан-ақ қызықтыруы тиіс. Тақырып қою шеберлігі болса тіпті керемет. Себебі, тақырып - мақаланың құрылымынан да маңызды. Тақырыпты ашатын қысқаша үш-төрт сөйлем жазыңыз. Б…