Табиғаттың керемет жаратылысы
Әлемнің жеті кереметінен биік тұратын табиғи құбылыс – су. Ол жер шарындағы кез-келген жаратылыстың ең негізгі компоненті болып табылады. Планетамыздың 4/3 бөлігі судан тұрады. Бұл үлкен көрсеткіш. Өсімдіктер де, адамзат та, бүкіл жанды организмдер сумен қоректенеді. Демек, өмір сүру үшін маңызды фактор болып табылады. Суды қасиетті санап, оған табынған тайпалар да жоқ емес.
ББС арнасының мәліметіне сүйенсек, судың мыңдаған қасиеттерінің бірі - ақпарат сақтауы. Ағын судан бөлек, арнайы бассейн немесе ыдыста біршама уақыт тұрған су сол жерде болған оқиғалардың бәрін сақтайтын функциясы бар. Сондай-ақ, судың структурасы адамның көңіл-күйіне қарап өзгеріп отырады. Микроскоп арқылы зерттеу жүргізгенде таң қаларлық фактілер тіркелді. Мысалы, дастархан үстінде ыдыста су тұрған кезде ұрыс-керіс болса – су бөлшектерінің молекулалары «икс» белгісіне өзгерді. Ал жақсы нәрсе айтып, көңілді қалыпта қабылданған кез су «жүрек» белгісін көрсетті. Бұдан да өзге қызықты мәліметтер сан алуан.
Экономикалық тұрғыдан қарасақ, елдің дамуына зор үлес қосатын да су. Мысалы өз мемлекетімізді қарасақ, егер бүкіл қалалар, әр бір ауыл тұрғындары сумен қамтылса, халық саны өседі, малшаруашылық, ауылшаруашылық дамиды, адамдардың тұрмыстық жағдайы өседі. Бидай өнімдері, мақта өнімдері, жеміс-жидектер, көкөністер, тағы да басқа отандық өнімдерді экспортқа шығаруға да, өзіміз қолдануға да қарық боламыз. Қаншаа мемелекет бар ішер сулары жоқ, біреулерінде тіпті сатып алып ішеді. Африка елдері, Үндістан, тағы да басқа контингенттер суға тарығып келеді.
Судың да сұрауы бар демекші, қаншалықты үнемдеп, қастерлеп тұтынып, ысыраптан алыс болуымыз тиіс. Ата-бабамыз да табиғатты аялаңдар деп өсиет еткен. Ал табиғаттың негізгі көрінісінің бірі ол - су.
