Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Елорда сахнасынан қандай саңлақтарды көргіңіз келеді?

Индира МЕДЕТ,

программист:

– Мен әлемге танымал «Gangnam Style» хитының орындаушысы PSY-ды, елордамызға шақырғанын қалар едім. Астана сахнасында өзінің әйгілі әнін шырқаса астаналықтардың көңілі көтеріңкі болар еді. Оңтүстік Корея жұлдызы жаңа биі ғаламторда да көрсетілімі жағынан рекорд жасап, Хью Джекман, Рианна, Мария Шарапова, Ерболат Құдайберген сынды атақты тұлғаларды да еріксіз биге тартты. Рэпер Пак Че Санның әні Астана күніне кереметтей сый болар еді.

Алпамыс ҚОЖАН,
заңгер:

– Жыл сайын Астана күнін асыға күтемін. Өйткені, әлемге әйгілі таланттар осы күні елордаға ағылады. Меніңше, көп елдің қалтасы көтере бермейтін белгілі тұлғалар өнерлерін Астана сахнасында паш етсе – астаналық тұрғындар үшін үлкен тарту дер едім. Күллі әлемді мойындатқан талантты әнші Tarkan-ның дара дауысы елордамызда да шырқалса екен.

Асылзат БАТЫРБЕКОВА,
Еуразия ұлттық университетінің студенті:

–Бас қаламыздың мерекесінде өз елімізде кеңінен танымал әншілерімізді тамашалағым келеді. Шет елден қонаққа шақырған да дұрыс, әрине, дегенмен қазақ эстрадасы болса нұр үстіне нұр болар еді. Нұржан Кременбеков, Қайрат Нұртас, Жанар Дугалова, Айқын Төлепберген секілді жұлдыздарымыз Астана төрін көркемдетер-ді.

 
2
0
386

Осы тақырып бойынша

Елорда сахнасынан қандай саңлақтарды көргіңіз келеді? - Yvision.kz