Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Интернет журналистінің этикасы туралы

Ұлттық бұқаралық ақпарат құралдары: телевизия, радио, газет-журналға ілесіп, қалыспай жүрген интернет-журналистика да бүгінгі таңда зор қолданысқа ие болған. Технологияның дамуымен келе бастаған интернеттің рейтінгі өзге БАҚ салаларымен бірдей, кейде жоғары. Жас және орта буын, тіпті соңғы кездер аға буын да ғаламторды кеңінен пайдаланады. Видео, аудио, фото, мәтінді бір мезетте қамтитын мультимедиялық құралдың қалың бұқараға әсері мықты.

Интернеттің дамуының негізі - ақпараттандыру болғандықтан, БАҚ саласының жілігін шағып, майын ішкен тек қана журналистің қаламынан сапасы жоғары, дизайны тартымды, мәтіні рет-ретімен орналысқан, көркем-әдеби сөздер орынды қолданылған, бір немесе бірнеше стильге бағынып жазылған, арнайы бір аудиторияға бағытталған ақпарат туындайды.

Егер кез-келген азамат өзі көргенін, естігенін, білгенін жаза берсе, және ол ешқандай интернет органдарымен қарастырылмаса ақпарат беру барысында сауатсыздық пен аудиторияның арнайы жариялымдарға сенімсіздігі пайда бола бастайды. Шикі, піспеген мағлұмат беру арқылы интернет аудиториясында жағымсыз әсер қалыптасады. Яғни, жағымысыз, далада кетіп бара жатып естіген өсегін фактіні білмей тұрып өздігінше мультимедиялық стильде таратып, мәселенің қыр-сырына жетпей аудиторияның психологиясына кері әсер етуі мүмкін. Немесе ашуға беріліп цензурасыз сөздермен біреуді балағаттап, ренжіскен абониментіне жалған пікір жазып, жеке тұлғаның жеке өміріне қол сұғып  этикаға қайшы, ұлтымызға жат нәрселерді жарияласада кім оны реттеп, қарап, тексеріп жатыр???. Сондай-ақ, комментарийлерде бір-біріне қарама-қайшы пікірлер көп айтылады. Кейде тіпті ұрысып та жатады. Ал осындай жазбаларды бірден редакциялап немесе жойып отыратын шапшаң сайттар жоқтың қасы.

Интернет-жарнама ғаламторда кең төселген кәсіп түрі. Бұл салада да этика көп жағдайда бұзылатынын байқаймыз. Интернетті барлық буын қолданғандықтан, сайттарды немесе парақшаларды реттеп отыру міндетті фактор болуы тиіс. Бір парақшаларды ашып қалсаң, жат әдеттерді, компьютерлік ұсқынсыз ойындарды, кәмелтке толмағандар көруіне болмайтын препараттарды т.б. жарнамалап жатады. Немесе эротикалық рәсім және порно-бейнероликтерге тікелей ссылка қойлып тұра береді. Бұл өте жийі кездесетін жағдай. Өсіп келе жатқан ұрпақтың санасын, идеологиясын бұзуға шақ нәрселерге цензура болуы тиіс. Демек, бізге басқа елерден таралатын да өзімізден енгізілетін де ақпараттар ағымы редакцияланып т.е. реттеліп отырылмайды деген қорытындыға келуге болады. Еліміздің болашағы жастар! Оларды дұрыс тәрбиемен өсіру бірінші міндетіміз болуы лазым.

Қытай, Солтүстік Корея ақпарат ағымына тосқауыл қойып, өздері шығарған, ұлттық ерекшеліктеріне сай жеке контенттерді ғана падаланады. Онда әрбір мәлімет зерттеліп, қарастырылып, цензура берік сақталып қана жарияланады. Сондықтан да олар мықты мемлекеттердің бірі.

Отандық интернет-журналистикаға келсек, бұл «әлемде» кім не жарияламай жүр десеңші. Күні-түні, минут сайын жаңа материалдар интернетке таралып отыр. Кез-келген Қазақстан азаматы жариялауға құқылы болғандықтан.... Онда сауатты да бар, сауатсыз да, білімді де, өз ойымен жазатын да, өзін бір детектив санайтын да бар. Соңғы кездер жийі естетін қоғамда қалыптасып кеткен пікірлер бар: «Интернетте қазақша материалдар тым аз, сөйлемдерінде грамматикалық қателер көп, мағынаға мән бермей тікелей аударыла салғаң мәліметтер» т. б. халықтың көңілінен шықпай жүр қысқаша айтқанда. Бұл мәселелерге себепші үкімет немесе Қазақстандағы саны көп сапасы шамалы сайттардың басқарушылары деп ойлауға да болады. Себебі, кім шектеу қоймай жатыр? Кім ақпараттар ағымын бақылау керек? Бұл үшін арнайы коммиссия кұрып жүру де керек емес, тым болмаса әркім өз желісінде жарияланып жатқан материалдарды түзеп, реттеп, дұрыс нәрсені қалдырып, бұрыс нәрсені жойып отырса да жеткілікті.

Қорытындыласақ, Біріншісі – ақпараттық ағымдарды реттеп, керегін алып, керек емесін аудиторияға жеткізбеуге тырысу керек; Екіншісі – қоғамда қайшы пікір тудыратын жариядымдарды жойып отыру; Үшіншісі – үгіт-насихаттың экстремистік, немесе көтеріліске, халық арасында іріткі тудыратын аудио немесе бейне, мәтіндерді экранда пайда болуына жол бермеу; Төртіншісі – жазылып отырған материалдардың грамматикалық, синатксистік, стильдік байланыстары орынды, адемі болуы(бұл бүкіл интернет қолданушыларға байланысты); және де соңғысы керек емес, яғни, пайдасы жоқ сайттардың жұмысын тоқтатқан дұрысырақ. Саннан сапаға көшейік, ағайын!

Мадина Әбдіқадір

     
2
0
1598

Осы тақырып бойынша

Интернет журналистінің этикасы туралы - Yvision.kz