Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

БОТА қоры

Жуырда Астана қаласында «БОТА» Қоғамдық қоры мен «Атамекен» одағы «Қазақстан ұлттық эконмикалық палатасы» заңды тұлғалар бірлестігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою рәсімі өтеді.

Бота қоғамдық қорының білім гранттары Қазақ елінің 88 ЖОО мен 70 коллеждің қабырғасында оқитын студенттерді қамтиды. Бот қоғамдық қорының Білім гранттары бағдарламасы Қазақстанның әр аймағында әлеуметтік аз қамтылған отбасыларынан шыққан 700-ден астам жас білімгерге техникалық және кәсіптік орта білім және жоғарғы білім алуға үміт сыйлап, қамқорына алып отыр. Олардың ішінде, 137-жетім, 17-мүмкіндігі шектеулі жас өрендер қамтылған. Бұдан бөлек биыл 127-түлек жоспарланса, келер жылы 352-білімгер маман атанып, оқуларын тәмамдамақ.

Меморандум ҚҰЭП «Атамекен» Одағы мен Бота қоғамдық қоры арнайы мамандырылған білім бері арқылы Қазақстанның әлеуметтік аз қамтылған отбасыларынан шыққан талантты жастарды Қордың стипендиаты есебінде қамтып дамытуды көздейді.

Меморандумға Бота қоғамдық қорының атқарушы директоры Аарон Ньюман Борнстин және ҚҰЭП «Атамекен» одағының төрағасы Мырзахметов Аблай Исабекович қол қойды.

«БОТА» қоғамдық қоры – Қазақстанның әлеуметтік аз қамтылған отбасыларынан шыққан жасөспірімдері мен жастарын білім беруден саулық сақтау және әлеуметтік қорғау арқылы өмірлеріне игі өзгерістер енгізуді көздейтін қазақстандық ең ірі қор. Бүгінгі таңда, Қазақстанның әлеуметтік аз қамтылған отбасыларынан шыққан 73-мың жас аналар жасөспірімдері мен жастары «БОТА» қоғамдық қорының үш бағдарламасының қамқорында.

 
3
0
754

Осы тақырып бойынша

БОТА қоры - Yvision.kz