Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Эбола» — әлемдік дерт!

Ағымдағы жылдың басында Батыс Африкадан бастау алған Эбола вирусынан күллі әлем қауіптеніп отыр. Статистикалық мәліметтерге қарасақ 8997-адам осы ауруға шалдығып, 2458-і жан тапсырды.

елдер/қалалар

жұқтырғандар саны

ғайып болғандар саны

Либерия

4249

2458

Сьерра-Леоне

3252

1183

Нигерия

20

8

АҚШ

3

1

Сенегал

1

0

Испания

1

0

Таблица №1. [1]

Эболаның тарихына үңілсек, тұңғыш рет 1976 жылдың 26-тамызында Ямбуку қаласының 44-жасар тұрғыны вирусты жұқтырған. Басты белгілері малярияға ұқсас келген, таралуына себепші инъекцияға арналған инелердің көп рет қолданылуы болды. Нәтижесінде 88-%  адам қайтыс болды. Бұл тіркелген жағдайдан кейін, 1994 жылы - 60%, 1995 жылы – 81%, 1996 жылы - 73%, 2001-2002 жылдар аралығында - 80%, 2003 жылы - 90% адам өлді.

Эбола геморрагиялық қызбасы сирек кездеседі, дегенмен өте қауіпті ауру. Эбола вирусы тудыратын жұққыштығы жоғары жіті вирустар 50-90 % клиникалық жағдайда өліммен аяқталады. Вирустың халықаралық атауы – еbolvirus. Вирус инфекция жұқтырған адам ағзасының қанымен, бөлінділерімен, органдарыменнемесе басқа да сұйықтықтарымен тікелей жанасу кезінде беріледі.  Инфекция жұқтырған адамдар тірі немесе өлген шимпанземен, горилламен және орман бөкендерімен қарым-қатынасы нәтижесінде жұқтырған жағдайлар да құжаттамалық расталған. [2] Басқа мәліметтерге сүйенсек, Либерияның президенті Эллен Джонсон-Серлиф ағымдағы жағдайды ескере отырып, 6-тамыз күні: «Жетіспеушілік әрі кедейшілік, сондай-ақ діни және мәдени дәстүрлері әлі күнге дейін аурудың таралуына ықпал етуде» деді. [1]  Еуропа ғалымдары: «Вирустың таралуына ескі дәстірлері қатты әсер етуде. Мысалы, мәйітті көму рәсімінен алдын сүю қалыптасқан. Ал бұл ауру жұқтырудың ең қарапайым жолы. Тұрғындар мұны ауру ретінде қарастырудың орнына, нысаналап қасақана жұқтырып, өлтіріп жатыр деп ойлайды. Біз халыққа анықталған санитарлық талаптарды сақтау керектігін жеткізіп жатырмыз» - деп жариялауда.

Белгілері: дене температурасының күрт көтерілуі, қатты әлсіздік, бұлшық еттермен бастың сырқаттануы, тамақтың сырқаттануы. Көбіне бұл құсумен, диареямен, бөртпемен, бауыр және бүйрек қызметтерінің бұзылуымен, кейбір жағдайларда ішкі,сонымен бірге сыртқы қан кетулермен де қоса жүреді. [3]

Демек, вирустың таралуына себепші болып жүрген - стандартты, қарапайым санитарлық нормаларды дұрыс деңгейде сақтамау. Бір емес бірнеше рет халықты дертке шалдықтырып жатқан Эбола ауруын бірінші тіркелген кезінен бастап зерттеп, ұстанатын салт-дәстүрлеріне бағытталған шамалы өзгеріс жасалғанда, сол мекеннің тұрғындарын тазалыққа шақырғанда бүгінгі таңға дейін мыңдаған адам қасірет шекпес еді.

Халықтың бірінші байлығы денсаулық болғандықтан, күллі жұрт уайым-қайғыда. Алдын алу шараларына кірісіп кеткен елдер де қаншама. Эбола вирусымен күреске жер шарының түкпір-түкпіріндегі жұртшылық әзірленуде. Әзірге нақты емделу шарасы тіркелмеген, дегенмен, вакцина әзірлену үстінде. Профилактикаға Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы«Эболаны» әлемдік індет деп танып, жұқпалы вируспен күресу үшін 100 миллион доллар бөлінегенін хабарлады. Бельгия, АҚШ, Белорусия, Испания тағы да басқа елдер Эболаның алдын алу шараларына қаражат бөліп, түрлі шаралар ұйымдастыруда

Елімізге оралсақ, 4541 дәрігер, 12685 ортаңғы медицина мамандарының қатысуымен аса қауіпті инфекциялар бойынша 714 семинар және 3093 дәрігер мен 9853 ортаңғы медицина қызметкерлерінің қатысуымен 943 жаттығу сабақтары өткізілді. Тұрғындар үшін 481 дәріс ұйымдастырылды және оқылды, 12695 әңгіме өткізілді, 16939 үнпарақ таратылды. Барлығы 214639 адам санитариялық-ағарту жұмысымен қамтылды. Біздің елде де шұғыл түрде арнайы мамандар тайғайындалып, өмірге қауіпті болып табылатын Эбола вирусына вакцина іздеп, терең зерттеу жүргізу үстінде.

 

1.  jasqazaq.kz/2014/08/13/ebola-bezgegnen-satanu-kerek.html

 

2. m.tengrinews.kz/kaz/kazakhstan_news/255983ДКИ ЭБОЛА

Мадина Реброва

 
2
0
842

Осы тақырып бойынша

«Эбола» — әлемдік дерт! - Yvision.kz