Құрылысшы ханым
«Астана ақшамы»
Бөлімі ___________________ Файл №1__КЕЗЕКСОЗ НАЗИРА
Авторы _Мадина НЕМАТЖАН_____ Жолы__________________
Кім дайындады____________ Дайынд. күні __12.06.2013____
Сандар мен деректердің дұрыстығын тексердім:
Бөлім меңгерушісі _________ Редактор_______________
Ескерту __________________ Сурет____бар____
«Астана таңдауы»
Құрылысшы ханым
Ризагүл Жолбарысқызы «Астана таңдауы» байқауына ұсынылып жатқандардың бірі. ЖШС «Райкен» құрылыс фирмасында құрылысшы маманы болғалы он жылдан асты. Жұмысының жеңіл-ауырына қарамай көп жылдар бойы халыққа қызмет етіп, өз ісін дөңгелетіп отыр.
-Ризагүл ханым, байқауға қатысушылар ішіндегі құрылысшы-әйел тек сіз екенсіз, мұндай мамандық таңдау ерлік. Өзіңіздей нәзік жанды бұл профессия қалай қызықтырды?
Жас кезімнен сәулет жұмыстарына қызығатынмын. Бұл мамандық мен үшін ерекше, әрбір адам өз ісін мақтан тұтады. Мен құрылыс фирмасына келгелі 11 жылға жуық уақыт өтті. Өте еңбек сүйгіш адаммын. Таңертең күнделікті жұмысқа аттанамын, ақшамда уйге ораламын. Жұмысқа баруға асығамын, қалай ісіме кірісіп кеткенімді кейде байқамай да қаламын.
-Қандай құрылыс жобаларын жұмыскерлер тобымен сәтті атқардыңыз?
Павлодар тумасымын, елордаға келгелі үш жыл болды. Осы жылдар ішінде,
«Самұрық қазына», «Астана финанс»-та қызмет атқардым. Бүгінгі таңда ЖШС «Райкен» фирмасының құрылысшысымын. Павлодарда жекеменшік фирмаларда жұмысшы болдым.
-Сіздің ойыңызша бұл мамандықтың өзге профессиядан ерекшелігі неде?
Мен өзім алуан жерде жұмыс істедім. Аспазшы да, қарауыл да болдым. Жұмыс күрделі болғанымен өте қызықты қырлары көп. Әр кез жоба ауысып отырады. Маңыздылығы – сапада. Құрылысшының ерекшелігіне осыны жатқызар едім.
-«Астана таңдауы» сайысының жеңімпаздары Астана қалалық әкімінен мадақтама қағаз алу мәртебесіне ие болады. Сондай-ақ, Бурабайға тегін жолдама, қала күніне өтетін концерттік қойылымдарға билет сыйға тартылады. Осы байқауға алғаш рет қатысып жатсыз ба, бұл шара туралы қандай пікіріңіз бар?
Ия, бірінші рет қатысуым. Осындай байқаулар молынан болса тіптем керемет. Астана қаласының әкімдігі жыл сайын дәстүрлі ұйымдастырып, қарапайым іскер тұрғындарға «Жыл таңдауы» байқауына қатысуға мүмкіндік жасап, көңіл бөліп жатқанына ризашылығымыз шексіз.
