Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жас маманға жұмыс орны дайын ба?

Оқу жылы соңына таяды. Бірі ҰБТ тапсырып студент атанса, бірі оқу орнын бітіріп маман деген мәртебеге ие болды. Санақ бойынша, ЖОО бітірушілердің тек 30-40% мамандығы бойынша жұмыс табады, кешегі студенттердің көбі екінші жоғары білім алуды жоспарлайды. Бүгінгі таңда Жоғарғы оқу орнын тәмамдамаған резидентке кез-келген қызмет орнында мамандығы бойынша жұмыс істеу мүмкіндігі қаншалықты қарастырылған? Жас мамандарға қажеттілік қандай? Бітіруші бойында қандай қасиет болуы тиіс?

Женевада орналасқан Халықаралық еңбек ұйымының мәліметі бойынша, әлемде 15-24 жас аралығындағы азаматтардың 13%-ға жуығы шамамен 75 миллион адам жұмыссыз қалған. Ал «6 миллионнан астам азамат жұмыс табудан үмітін үзген» деп жазады.. Ұйымның баяндамасында жер шарында жастар арасындағы жұмыссыздық «дағдарыс деңгейіне» жетті дейді. Жастар жұмыссыздығы қай елдің болмасын өзекті, шешімін табуды қажет ететін проблема. Бұл Қазақстанда да орын алып отырған басты мәселе.

Университет қабырғасынан кеше ғана аттап шыққан ізденуші бойында өзін өзі таныстыра білу, нәтижелі резюме әзірлеу, әңгімелесуден өту сияқты әдеттері болса, жұмысқа орналасу жеңілге соқпақ. Елімізде жас мамандарды жұмысқа орналастыруға көмектесу орталықтары бар. ЖОО бітірушілер нарығында талап етілген ең қажетті мамандықтар ішінде – дәрігерлер, бағдарламашылар, құрылысшылар, мұнайшылар, сонымен қатар жүргізушілер, жүкшілер, механиктер, тігіншілер, аспазшылар бар. Сондай-ақ есепшілер, заңгерлер, экономисттер, аудармашыларға да сұраныс бар.

Жұмыс берушіде  үміткер туралы көбірек мәлімет болса,  ұсынылатын бос орынға сәйкестігін дұрысырақ бағалауға болады. Жұмысқа орналасу кезінде ол туралы әр түрлі жақтан (жеке мәліметтер, жұмыс тәжірибесі, туыстық қатынастар, алынған білімі, әуестігі, жеке қасиеттері және т.б.) барынша көп білгісі келеді. Жұмыс берушілердің талаптары ізденушілердің сипаттамасы және оларға қажет әр түрлі параметрлер мол. Жақсы жас маман, ең алдымен, өзінің жеке қасиеттері мен құзырлығы бойынша потенциалды болу керек, екіншіден – жақсы кәсіби дайындықта болу тиіс. Жұмыс берушілер үшін басқа қасиеттер үлкен мәнде болмайды.

Оқу орындары жұмысшылар көз-қарасын ұстанады. Білім мен ақыл әрқашан бағаланады. Көбінесе білім сапасы ЖОО-ға байланысты. Талап етілген бітіруші – ол өз мамандығы бойынша жұмыс істегісі келетін, істей алатын және қалай жұмыс істеу керектігін білетін бітіруші болғаны ләзым. Жақсы маман ешқашан жұмыссыз қалмайды. Қаншалықты кешегі студент коммуникабельді, белсенді, ұтқыр, жұмысқа қабілетті, жауапкершілігі мол еңбек сүйгіш болса, кез-келген ұсынылған орынға жұмыс берушіге неге жұмысқа алмасқа?! Жалқаулықтан алыс, жауапсыздықтан аулақ, жан-жақты мәдениетті болса жұмыссыз қалып қоймас. Сұхбатты дұрыс өрбіту, өзі туралы жақсы әсер қалдыру секілді қарапайым нәрсеге өзін машықтау тиіс. Сонда ғана екінші әңгімелесуге шақыру ықтималдығы әлдеқайда жоғары болады. Сондай-ақ резюме барлық жерде болуы керек.

   
2
1
808

Осы тақырып бойынша

Жас маманға жұмыс орны дайын ба? - Yvision.kz