Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ақәжем кітабындағы таңдамалы повесттер

Мұхамеджан Дүзенов "Ақәже" кітабы

"Тілектестің тұяғы" мен "Ақәже" атты таңдамалы повесттері.

"Тілектестің тұяғы" атты повесте Қайғылы жері адамдарының өмірі суреттеледі. Совхоз орнамай тұрғандағы кедейлерді байлармен бірдей көру, оларға теңдік алып берудегі үш дос туралы айтылады. Елін қараңғылықтан құтқару үшін істеген ерліктері мен бір достың сатқындығы үшін, бірі қаза тапса, екіншісі қылмыскер атанады. Ал сатқын, өмір бақи қорқынышпен өмірін өткізіп, соңында күнәсі үшін қаза тапқан досының баласынан кешірім сұрап дүниеден озады. Бұны сатқындыққа итермелеген Салқыбай болатын. Бірақ бұның бәрі көп жылдардың еншісіндегі оқиға еді. Тек бұл емес, осы үш жанның балалары Қайғылы жерінде кездеседі. Соның бірі әкесінен бала кезінде айырылып, құлағы естімей, тілі сөйлеуге келмей қалған Мылқау. Ол да осы ауылға келеді. Бірақ оның негізгі арманы бала кезден дос тұтқан Ақбәтиді жолықтыру болатын. Ал Ақбәти болса, әкесінің достарына жасаған сатқындығын білмейді, тек бала кезде Мылқаумен бірге өсіп, оның тілі мен құлағы жоқ болсада екеуі сырласа білетін. Сол Ақбәти әкесін сатқындыққа итермелеген адамның баласына ұзатылып, осы жерге келген болатын. Дегенмен, ол қыз қәзір бала кездегідей емес, өзгерген. Ал Ақбәтидің күйеуі Мерген. Оның әкесі Салқыбай. Сол Салқыбайдың баласы Мерген Санаға құда түседі, бірақ қыз көнбейді. Ал Сананың әкесі жазықсыздан жала жабылған бағанығы үш достың бірі болатын. Сана әкесі мен Мылқаудың әкесі бір кездері дос болғанын Сана Мылқау  ауылға келгенде біледі. Сол кезден бастап бірін-бірі ұната бастаған жандар, соңында қосылып, ұлды болады. Айта кететін тағы бір кісі колхоздың басқармасы Төке. Тұрса да, жатса да ойлайтыны ел қамы. Мылқау келмей тұрғанда ауыл адамдары суға тапшы еді. Ол келген соң, су мәселесі де шешілді. Солай Төке Мылқуды өзіне жақын тұтып, кезі келгенде көмегін де ұсынған.Төкені жақтырмайтын билік өкілдері де болды. Оны өз орнынан түсірді. Бірақ соғыс біткеннен кейін, бәрі анықталады. Солай Төке қайтадан өз қызметіне оралады.

Ал "Ақәже" повесінде елге Ақәже атымен танымал қарт ана бейнесі сомдалады. Бір атадан туған ағайындылар болсын, не көрші таныстар болсын, оны құрметтеп, сыйлайды. Осы кісінің ақылына құлақ түріп, айтқанын екі етпейді. Толық атының кім екенін ешкім білмейді, тіпті шежіреде де, не бір документтерде де кездеспейді. Оны білгісі келіп құмартқан, қайтсемде білемін деп айтқан Ерқанат болатын. Сол Қанаттың он үш жасында  әкесі де шешесі де бұл дүниеден өтеді. Жетім қалған бала көрші кемпірдің өз жұртыңа бар, әкеңнің ауылы сені жетім қалдырмас дегенімен Ақәжем ауылына келеді. Оны жолда жеңгесі танып, қонақ етеді. Солай осы ауылдың бір адамындай болады. Сонда осы ауылдан Нағиманы да кездестіреді. Қыздың апасы Қанаттық анасына дүниеден қайтпай тұрғанда осы екеуін қосайық деп айтып жүретін. Ал қазір болса Нағима ол кездегідей емес, толықсып, әдемілене түскен. Оның жүрегіне алғаш ыстық сезім де ұялатқан болатын. Сонымен қатар, Ақәжемнен қалған жалғыз бала Көшек ағам балатын. Ол туыс болсада Жаңылды ұнатты. Солай бір кездері оларды үйлендіруге Ақәжем де қарсы болмады. Той күні соғыс деген хабар келді. Бұның бәрін жынды қарт Жарман Ақәжемнен көрді. Осылай жастар енді қосылғанда, соғыс басталып, қарттар мен балалардан басқа азаматтардың бәрі майданға аттанды. Сол кезде Жамал жеңешем де жүкті болатын. Айы күні келгенде босанып, атын Үміт қойды. Бұл соғыс жылдары болатын. Осылай ауылда еркек кіндіктіден Жарман қана қалған соң ел тізгінін сол кісінің қолында болды. Соғыс жылдарын осы ауылда қиындықпен өткеріп, мал басы кемиді, бұрынғыдай астық та болмайды. Оның бірі ел азаматтарының барлығының соғысқа кетуі болса, екінші жағынан Көшек қарттың астық пен малды көбейтудің орнына сол жақтағы тұз саудасымен айналысуы еді. Солай күндерін көрген қара халық азып-тозып соғысты да басынан өткереді. Майдан бітісімен ерлердің тірі қалғаны қайта келіп, барлығы өз орнына келеді. Шығарма соңында Қанат Ақәжемнің шын есімі Үміт екенін біледі.

- Үміт! - деп айқай салдым. Ақәжем маған жалт қарады. Екі беті қып-қызыл боп, мені тағы да құшақтап сүйді. Ақәжемнің шын есімін жаңа білдім.

Шығармада негізінен тағыда көптеген қызықты, қайғылы кездер кездесті. Ал менің жазып отырғаным тек жартысы ғана. Кітапты оқи отырып өмірдің басқа қырларын көресіз деген ойдамын!

 
0
0
1312

Осы тақырып бойынша

Ақәжем кітабындағы таңдамалы повесттер - Yvision.kz