ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

Көлеңкеңмен қорғай жүр

Белгілі жазушы Ілияс Есенберлиннің "Толқиды Есіл" повесін алдағы санда жазған болатынмын. Сол кезде  автордың "Көлеңкеңмен қорғай жүр" атты романын да алдым, оқып шықтым. Повестті неге тағыда жазып отырмын. Оның себебі шығармада адамның есімдері, олардың оқиғалары кездесті. Бірақ есімімен қоса, мінездері мен болмыс бітімдері мүлде өзгеше. Сондада романның әсері өте күшті болды. Бұндада Хасен атты кейіпкер бар. Бірақ аты бірдей болғанмен, өмірдегі мінезі мен алға қойған мақсаты, оқиғасы басқа. Соғыстан әкесінің іздеп келуімен басталған романның басты кейіпкері де өзі еді. Бала кезінен ана жылуынан айырылған ол, осының бәріне кінәлі Алшынбек Айдынғалиев деп біледі. Оған деген өшін алғыс келеді. Бірақ нағашы атасының қолында ақыл тындап өскен ол іште жатқан қара дақты, өшпенділікті, ақылмен жеңеді. Ашудан гөрі ақылға жүгінеді. Бұның бәрі оған оңай соқпайды. Өзі жақсы пейілде болғамен, профессор Айдынғалиевтің жаны ондай емес еді. Бұлардың арасының бұзылуына тек бұл ғана себеп болмайды. Соның бірі осы қарт шопан Зікірия қарттың қызы Меруетте болды. Оның бала мінезі, бәріде совхоз өміріне, жер мен қала халқына арнауы еді. Тек бұны ғана айту аз, онда парторг пен оның әйелі және шошқа фермасы директоры Качан және профессор мен Глашада кездеседі. Алшынбек Меруетке ғана сезімін білдірмейді, оның Глашаға да ынтықтығы болады. Качан да сауыншы қыз Глашаны ұнатады. Бірақ Глашаның таңдауы профессор болады. Солай олар Алматыға жүреді. Шығарма соңы Качанның сауыншы қыздан айырылып, ашуға ерік беріп, қателік жасауымен қоса, адам өлімін мойнына жүктеуі және жазасын алуы, бәрі де керемет шығады. Сол сәттерде Хасен совхозға келгенде жас аграном болса, жылдар өте, енді ол мүлде басқа адам. Сүйіктісін жүрек түкпіріне сақтаған адам, жылдар өтсе де адамгершілігін жоғалтпаған адам кейпінде қалады.