ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

Сіз қалай өмір сүріп жатырсыз?

Мен өзімді кейде жалғыз сезінемін. Неге деген сұраққа да жауап іздеп көрдім. Кейде адамды өзіне жақын тартатын жандар болмайды екен. Олар тек жалғыздыққа үйреніп қалған. Жалғыздықтан қорықпайтындар. Ондай жандар жалғыз болғанмен, тек бір ғана бірақ дегені бар. Ол басқа адамдармен араласып, өзінің сағынышын басу. Кей әңгімелерді біліп тұрып, қызықсыз болсада, уақыттарын бірге өткізгісі келіп, қатты әңгімені қалайтын кездері болады. Сондай күндер жиі ұшырамаса, уақыттың босқа кетіп, өмірдің қызығынан құр қалғандай сезінесің. Ерте тұрып, жуынып, таңғы ас ішіп, асығыс универге не жұмысқа келегенде бәрі өз шаруасымен. Солай қайтадан кешке үйге келіп, кешкі ас ішіп, теледидар қарап немесе кітап оқып, не болмаса қолымыздағы ұялы телефонмен өзімізге керек емес дүниелерге кіріп кетіп уақыттымызды бос өткізіп жатамыз. Қалай таңның атып қалғанын да білмей таңғы алтылар шамасында ұйқыға жатып, қайтадан ертеңгі күнімізді де қайталанып келіп, өмірімізді босқа өткіземіз. Бұл көбіне жастар жағымен қоса жасы келіп қалған апа, ағаларымыздың да басынан өткізіп жатқаны жағдайы. Өмірінің жартысын босқа өткізіп, алда немен шұғылданғанын білмейді. Еске түсірейін десе есінде еш нәрсе жоқ, басқаларға қарағанда көріп білемін дейтіндей оқымаған да. Кейбір жұртқа қарап, өмірдің өзгеше құрылғанын түсініп, өзін дамытып, шыңдап жатқандар қаншама. Оларға жаңа нәрсені татып, жаңаны көріп, сезініп, білген ұнайды. Олар өздерін ғана ойламай, келешек ұрпаққа мұра ретінде артынан бір зат болсада қалдырғысы келеді. Кейде өзінің алды, артын білмейтін, мақсат қоймаған адамдардан көңілі қалып, опық жеп қалған кездері де болады. Сонда осының бәрін өзім мен өзге үшін жасап жатырмын. Бірақ оны түсінер ешкім жоқ дейді. Ондай жандар әр уақытын босқа өткізбей, өмірден барын алып, рахаттана өмір сүргісі келеді. Қайта келмес уақытты бағалап, өз күніне тәубе айтып,жүріп жатады. Оны көбіміз түсініп жатқанымыз шамалы. Тек өз ісіміз бітсе деп, ашкөздікке салынып жатамыз. Дамыған елде өзіңді жетілдіріп, өзге адам болып өткенге не жетсін.