Жауыр болған мәселе болса да!
Қоқыс.Қоқыс.Қоқыс. Әрине жауыр болған мәселе. Оны қозғай беріп не қажеті бар. Бірақ мен көрген оқиғамды жазғым келеді. Бұл біз қалаға көшкеннен басталды. Кішкене ауылда өскен мен алғашқыда үйімді көргенде көшеме мән бермеппін. Әлде адам баласы уақыт өте келе байқай ма? Сондықтан басында көшемнің ластығына мән бермеппін. Қай жерге қарасаңда ненің екенін білмейтін қоқыстар. Солай күндер өтіп жатты. Көктем болды, көктемнен кейін қыс келді, қыстан кейін күз келді. Міне солай уақыт өте берді. Қоқысты тазалап жатқанда, не болмаса оған мән беретін бір де бір жан жоқ. Солай бір күні мен сабақтан қайтқанымда бозбаланы кездестірдім. Өзімен тіл қатысым, әңгіме дүкен құрмасам да, оның ісіне мән бере бастадым. Ол жаңа ғана дүкеннен қайтқан болу керек, қолында наны мен бананы болды. Асыққан да жоқ, тек бананды қалай тез жеп бітіремін деген ой ғана болған сынды. Солай қабығын ашып жегеннен кейін, алды да бананың қабығын көше бойына тастай салды. Бұл бір түк нәрсе емес сынды көрінуі мүмкін. Бірақ егер әр бозбала мен бойжеткеніміз осындай қылық танытатын болса қалай болғаны. Біз оларды осы үшін тәрбиеледік пе? Оларға берген тәрбиеміз қайда? Әлде "Қызым үйде қылығы түзде" болғаны ма?
