Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Толқиды есіл

Көгілдір сулы көк Есіл,

Көкорай көгі көл - көсір.

Көгерем десең көгіңде,-

Көк ала жылқы, қой өсір...

деп Есіл жерін өз повесіне арқау еткен Ілияс Есенберлин еді. Оның "Толқиды Есіл" шығармасы тың игерушілірдің өмірін сүреттейді. Оқып шыққанда біраз уақыт кеткенімен, сол жылдары жаңадан келген партогтың жерлерді құнарландыруда, жаңа тәсіл табуында. Есетпен бірлесе істелген іс жемісін беріп, ауыл мол өнімге қанығуында. Ауыл өміріне танысу үшін, әрі ауыл жерлерін қыл қалам арқылы суретін салуға сол сәттерде Нина келіп. Совхоз өмірімен танысып, Есеттің махаббаты орыс қызы Нина болуы. Сол кездердегі ыстық махаббатты бірте - бірте әсерлі көрсетуінде. Тек бұл ғана емес жасы келеген Гусев директордың әлі күнге дейін үйленбей жүргені. Глаша сынды ерінен айрылып жесір қалған әйелдің ешқандай отбасының шырқын бұзбай өзінің теңі ретінде басы бос Гусевті қалап, онымен отау құрғысы келгені де жазылады. Ал ұнамсыз тип ретінде шошқа фирмасының директоры Качан келтірілген. Оның әкесі сияқты бай болғысы келіп, тек баю жағы мен ұлында өзі сияқты іске үйретуін алдына мақсат қоюы. Өзі жауыз болып, оны жұрт біліп қоймауынан қауіптенуі. Сол кездерде шошқалар арқлы тез баюдың жолын тапқаны, ең соңында совхоз адамадары оның қандай адам екенін біліп, ауылдан өз еркімен кетуі. Шығарма желісі бұнымен шектелмейді. Ондағы жағымды, ісіне адал жандар да кездеседі. Олардың мінезімен қоса, іс әректтері, ауылға деп жасаған жақсылықтары да суреттеледі. Ал өзіме келетін болсам, повесть маған өте ауыр тиді. Бірақ бір нәрсе болсада алып қалуға болады деп түйдім.

0
0
2463

Осы тақырып бойынша

Толқиды есіл - Yvision.kz