ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
2

Қатерлі өткел

Тағы да Ілияс Есенберлин. Бірақ бұл жолы "Қатерлі өткел" кітабы. "Адасқан ақын" мен "Алтын құс" атты екі шығармадан тұрады. Екі туындыда да бір - біріне ұқсамайтын кейіпкерлері мен оқиғалары бар. "Адасқан ақында" Ақан мен оның жолын қуған ақын жігіттер өмірі суреттеледі. Дұрыс жолдан адасқан Бүркіт және оның ел тағдырын көріп дұрыс жолға бастаған жолдастары. Әсіресе көп көмегін тигізген Хасен болды. Оның ақындық жолында шығармаларын шығаруға көп көмегін тигізді. Ел жұртының жаңа өмірге бастаған талай күндерін көріп, басынан өткерді. Халықпен бірге болып, олардың жанын түсінді. Қай жерде болмасын жағымсыз кейіпкерлер, ойы мен түсінігі бөтен адамар кездесіп жатады. Соның бірі Әкпар еді. Әкесі жері мен билігінен алынғаннан кейін, бәріне Россияға қосылған елінен көріп, қасында бірге бола тұра, өзімен аяғына дейін бірге болмаған жолдастары мен қарсы шыққан адамдардан кегін алуды ойлайды. Өшін алады да. Бірақ ол үшін жазықсыз жандар жапа шегеді. Ал "Алтын құсқа" келетін болсақ. Бұнда жасы елуге келіп қалған Сабырдың әлі күнге өшпеген махабаты туралы айтылады. Оның алтын құсы Ақбаян. Жиырма бес жыл өткеннен кейін бір - бірін көреді. Сабыр ата - анасының қараймын деп, оқуға бармай шахтаға түсіп жұмыс жасайды. Одан кейін соғыс басталады, солай ол Ақбаянынан мәңгіге айырылады. Ақбаян басқаның жары атанады. Сабыр болса сезімі өшесе де басқа жанға қосылып жаны тынышталады. Жарынан айырылғанна кейін медсестра Бәтиманы жолықтырады. Отыздарға келсе де әлі тұрмыс құрмаған қыз да Сабыр ағасына деген сезімі бар болатын. Шахтер ағаның да Бәтимаға сезімі оянғандай.  Бірақ Ақбаянға деген сезімі де әлі өше қоймаған. Солай күндердің күнінде Ақбаянның оны жақсы көретінін білсе де, оның жанынын кәзір мүлде басқа екендігін біледі. Келе келе адамдар өзгереді ме? Әлде тағдыр солай болды ма? Алтын құс туралы аңыз есіне түсіп, шығарма соңы құсының жез болып шығуы да мүмкін деген тұжырымға келеді.