Мазмұнға өту
kazsportagent

Kazsport agent

@kazsportagent

Сайтта 2012 ж. 28 желтоқсанКазахстан, Астана

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ

рейтинг

100

жазбалар

4 640

пікірлер

0

тіркелуші

17

жазылымдар

442

Олимпиада чемпионын баптаған жаттықтырушыларға пәтер берiлмейдi

Қазақстанда олимпиада чемпионын баптаған жаттықтырушыларға пәтер берiлмейдi. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметiнде өткен брифингте ҚР Спорт және дене шынықтыру iстерi агенттiгiнiң төрағасы Тастанбек Есентаев мәлiм еттi. Т. Есентаев «2015 жылдан бастап Үкiмет бюджет қызметкерлерiнiң еңбекақыларын 40 пайызға жоғарылатады. Менiңше, осымен болды. Жоғары деңгейлi спортшыларды жаттықтыратын бапкерлерге жақсы еңбекақы алуға мүмкiндiк бар. Бiрiншiден, олимпиада жеңiмпазын баптаған жаттықтырушы спортшымен бiрге 250 мың АҚШ долларын алады. Екiншiден, өмiрiнiң соңына дейiн ақшалай төлемақы алып тұрады. Сондықтан жаңа заң бiздiң бапкерлерге жағдай жасайды деп ойлаймын», – дедi. Дереккөз

Источник: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/sport/item/19165-olimpiada-chempionyn

0
0
161

Мария Шарапова Rogers Cup турнирінің 3-айналымына өтті

Канаданың Монреал қаласында өтіп жатқан Rogers Cup турнирінде Ресей теннисшісі Мария Шарапова испан спортшысы Гарбин Мугурусадан басым түсті. Есеп: 4/6, 6/3, 6/1. Ойын 2 сағат 11 минутқа созылды. Кездесу барысында Мария 9 рет эйс жасап, осынша қателік жіберген. Ал Г.Мугуруса 7 рет эйс жасап, 5 мәрте қателікке бой алдырған. Екі теннисші осымен үшінші рет кездесті, оның барлығында да Мария жеңіске жетті. Енді М.Шарапованың 3-айналымдағы қарсыласы Каролина Плишкова мен Карла Суарес Наварро кездесуінен кейін белгілі болады. Айта кетейік, аталған турнирдің жекелей сынында жерлесіміз Юлия Путинцева да өнер көрсетуде. Ол турнирдің негізгі сеткасына іріктеу арқылы өтті. Қазақстандық теннисші іріктеу сынының 1-айналымында неміс Анника Бекті 6/7(5), 6/1, 6/1 есебімен, ал келесі кезеңде жапонның 43…

0
0
238

ФУТБОЛ: «Ақтөбе» сырт алаңда «Стяуадан» жеңiлiс тапты

Чемпиондар Лигасының үшiншi бiлiктiлiк раундындағы қарымта матчта «Ақтөбе» сырт алаңда румыниялық «Стяуадан» 1:2 есебiмен жеңiлiп қалды.

Ойынның үшiншi минутында-ақ қарсыластар есеп ашты. Александру Кипчу голынан кейiн «Стяуа» алға шықты. Ал 39-шы минутта Николаэ Станчу командасының басымдығын еселете түстi. Екiншi таймда «Ақтөбе» командасының капитаны Логвиненко екi сары қағаз алып, ойыннан қуылуы жығылғанға жұдырық болды. Матчтың 85-ші минутында Тимур Кападзе қазақстандық команданың жалғыз голының авторы атанды.

Айта кетейiк, кездесу Бузарест қаласында өттi. Екi команда арасындағы алғашқы матч Ақтөбеде 2:2 есебiмен аяқталған болатын.

Чемпиондар Лигасының үшiншi раундында сүрiнген «Ақтөбенің» ендi Еуропа Лигасында бақ сынайтын мүмкiндiгi бар.

 

АСТАНА. ҚазАқпарат

0
0
263

ФУТБОЛ: УЕФА Әзербайжан футболшыларының тілегіне қарсы болды

Чемпиондар Лигасының 3-ші біліктілік кезеңінде австриялық «Ред булға» қарсы ойынайтын «Қарабах» командасының ойын алдындағы ұсынысына УЕФА қарсылық танытты, деп хабарлады Azerisport.com.

Әзербайжан футболшылары қақтығыс аймағында қаза тапқан сарбаздарға құрмет көрсету үшін ойын алаңына қара жолақты қазанама белгісін тағып шыққысы келген. Алайда, УЕФА оған рұқсат еткен жоқ.  УЕФА басшылығы оның себебін футболды саясатпен шатастыруға болмайтындықпен түсіндірген.

   
Басты сөздер: ӘлемСпорт
АСТАНА. ҚазАқпарат
0
0
250

Головкин-Гил жекпе-жегі НВО-да ең көп көрілім жиған ТОП-10-да

Бокстан орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин мен австралиялық Дэниэл Гилдің жекпе-жегі НВО арнасында ең көп көрілген үздік ондықта, деп хабарлады Sports.kz Allboxing.ru-ға сілтеме жасап.

HBO арнасындағы бұл жекпе-жекті 984 мың көрермен тамашалаған. Бұл ағымдағы жылғы тоғызыншы орындағы үздік көрсеткіш.  Ең көп аудитория — 1,048 миллион. Бұл тізімде Хулио Сезар Чавес пен Брайан Вероның жекпе-жегі көш бастап тұр.

Басты сөздер: ӘлемСпорт
АСТАНА. ҚазАқпарат
0
0
267

Тамыз айында шахматтан ҚР балалар Кубогының соңғы екі іріктеу жарысы өтеді

Осы тамыз айының ішінде шахматтан ҚР балалар Кубогының соңғы екі іріктеу жарысы өтеді. Бұл туралы Қазақстанның шахмат федерациясының баспасөз қызметінен хабарлады. Балалар Кубогы аясында 4-13 тамыз аралығында Павлодар қаласында осымен 12-ші рет «Ертіс маңы» балалар фестивалі ұйымдастырылса, 20-27 тамыз аралығында Алматы облысының Талғар қаласы маңында шахматтан әлем чемпионы Флюра Хасанованың кубогына арналған дәстүрлі «Маралсай» турнирі өтеді. Бұл жарыс Іле-Алатау ұлттық қорығындағы «Маралсай» демалыс үйінде ұйымдастырылмақ. Естеріңізге сала кетейік, шахматтан ҚР балалар Кубогы бес кезеңнен тұрады. Олар: Махамбетов мемориалы (Қызылорда қ., 2014 жылдың 17-23 мамыры), Уфимцева мемориалы (Қостанай қ., 2014 жылдың 5-12 маусымы), «Ақ тұлпар» балалар фестивалі (Шымкент қ., 2014 жылдың 17-25 ші…

0
0
555

Алматыда доп шығаратын зауыт салынады

Жыл соңына дейiн Алматыда доп шығаратын құны 130 миллион АҚШ доллары болатын зауыт салынады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен брифингте ҚР Спорт және дене шынықтыру iстерi агенттiгiнiң төрағасы Тастанбек Есентаев мәлiм еттi. «Биыл қазақстандық «Kazsport Technology» компаниясы доп шығаратын зауыт ашады. Оған салынған жалпы инвестициялардың көлемi 130 миллион АҚШ долларына тең болады деп жоспарлануда. Ол Алматыда орналасады, онда волейбол, баскетбол мен футболға арналған доптар шығарылады. Бiздiң мақсатымыз спортпен айналысатын әрбiр 2 балаға 1 доптан келетiндей межеге жеткiзу. Жоспар бойынша жыл соңына дейiн салынып бiтедi», — дедi төраға. Оның айтуынша, оған қоса, Түркияның «Сальсано» компаниясымен бiрге Қазақстанда спорттық велосипедтердi шығару мәселесi, сонымен қатар…

0
0
464

Қазақстанда спорт комментаторларын даярлау жолға қойылады

Қазақстанда спорт комментаторларын даярлау жолға қойылады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Спорт және дене шынықтыру агенттігінің төрағасы Тастанбек Есентаев мәлім етті.

«Бізде халықпен жұмыс жасайтын спорт нұсқаушылары жетіспейді. Сонымен қатар елде спорт комментаторларын даярлау саласында кәсіби стандарттар жасалуда. Мәселе шешімін табуда, Білім және ғылым министрлігіне тиісті ұсыныс жасалды, болашақта олар аталмыш мамандарды даярлауды қолға алады. Спорт комментаторлары бойынша ұсынысты БҒМ-ге келесі жылы жібереміз», — деді ол.

АСТАНА. ҚазАқпарат - Автор: Жасұлан Жолдыбаев
0
0
291

Олимпиада чемпионын баптаған жаттықтырушыларға пәтер берiлмейдi

Қазақстанда Олимпиада чемпионын баптаған жаттықтырушыларға пәтер берiлмейдi. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен брифингте ҚР Спорт және дене шынықтыру iстерi агенттiгiнiң төрағасы Тастанбек Есентаев мәлiм еттi.

«2015 жылдан бастап, Үкiмет бюджет қызметкерлерiнiң жалақыларын 40 пайызға жоғарылатады. Менiңше, осымен болды. Жоғары деңгейлi спортшыларды жаттықтыратын бапкерлерге жақсы жалақы алуға мүмкiндiк бар. Бiрiншiден, Олимпиада жеңiмпазын баптаған жаттықтырушы спортшымен бiрге 250 мың доллар алады. Екiншiден, өмiрiнiң соңына дейiн ақшалай төлемақы алып тұрады. Сондықтан жаңа заң бiздiң бапкерлерге жағдай жасайды деп ойлаймын», — дедi Т. Есентаев.

АСТАНА. ҚазАқпарат - Автор: Жасұлан Жолдыбаев
0
0
238

Қанат Ислам кезекті жекпе-жегін 7 тамызда өткізеді

Қанат Ислам кезекті жекпе-жегін 7 тамызда өткізеді

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам өзінің 18-жекпе-жегін 7 тамыз күні Колумбияның портты қаласы Барранкильяда өткізбек. Бұл туралы кazaitys.kz жазады.

Оның қарсыласы колумбиялық Фидел Монтерроса қазірге дейін 43 кездесу өткізіп, оның 32-сін өз пайдасына шешкен. Сондай-ақ, ол 26 рет кездесуін мерзімінен бұрын аяқтап, 9 кездесуінде жеңіліп, 1-еуінде тең түскен.

Ал, Қанат қазірге дейін 17 кездесу өткізіп, оның бәрінде жеңіске жеткен. Оның 14-ін мерзімінен бұрын аяқтаған. Қанат бұл жолы өзінің Латын Америкасының чемпионы атағын 2-рет қорғамақшы.

Бокс жергілікті телеарналарда тікелей эфирде таратылады. Жарыс біздің уақытпен таңғы сағат 8 мөлшерінде өтеді.

   

АСТАНА. ҚазАқпарат

0
0
189