Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

ФУТБОЛ: «Ақтөбе» сырт алаңда «Стяуадан» жеңiлiс тапты

Чемпиондар Лигасының үшiншi бiлiктiлiк раундындағы қарымта матчта «Ақтөбе» сырт алаңда румыниялық «Стяуадан» 1:2 есебiмен жеңiлiп қалды.

Ойынның үшiншi минутында-ақ қарсыластар есеп ашты. Александру Кипчу голынан кейiн «Стяуа» алға шықты. Ал 39-шы минутта Николаэ Станчу командасының басымдығын еселете түстi. Екiншi таймда «Ақтөбе» командасының капитаны Логвиненко екi сары қағаз алып, ойыннан қуылуы жығылғанға жұдырық болды. Матчтың 85-ші минутында Тимур Кападзе қазақстандық команданың жалғыз голының авторы атанды.

Айта кетейiк, кездесу Бузарест қаласында өттi. Екi команда арасындағы алғашқы матч Ақтөбеде 2:2 есебiмен аяқталған болатын.

Чемпиондар Лигасының үшiншi раундында сүрiнген «Ақтөбенің» ендi Еуропа Лигасында бақ сынайтын мүмкiндiгi бар.

 

АСТАНА. ҚазАқпарат

 
0
0
264

Осы тақырып бойынша

ФУТБОЛ: «Ақтөбе» сырт алаңда «Стяуадан» жеңiлiс тапты - Yvision.kz