ФУТБОЛ: УЕФА Әзербайжан футболшыларының тілегіне қарсы болды
Чемпиондар Лигасының 3-ші біліктілік кезеңінде австриялық «Ред булға» қарсы ойынайтын «Қарабах» командасының ойын алдындағы ұсынысына УЕФА қарсылық танытты, деп хабарлады Azerisport.com.
Әзербайжан футболшылары қақтығыс аймағында қаза тапқан сарбаздарға құрмет көрсету үшін ойын алаңына қара жолақты қазанама белгісін тағып шыққысы келген. Алайда, УЕФА оған рұқсат еткен жоқ. УЕФА басшылығы оның себебін футболды саясатпен шатастыруға болмайтындықпен түсіндірген.

