Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қанат Ислам кезекті жекпе-жегін 7 тамызда өткізеді

Қанат Ислам кезекті жекпе-жегін 7 тамызда өткізеді

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам өзінің 18-жекпе-жегін 7 тамыз күні Колумбияның портты қаласы Барранкильяда өткізбек. Бұл туралы кazaitys.kz жазады.

Оның қарсыласы колумбиялық Фидел Монтерроса қазірге дейін 43 кездесу өткізіп, оның 32-сін өз пайдасына шешкен. Сондай-ақ, ол 26 рет кездесуін мерзімінен бұрын аяқтап, 9 кездесуінде жеңіліп, 1-еуінде тең түскен.

Ал, Қанат қазірге дейін 17 кездесу өткізіп, оның бәрінде жеңіске жеткен. Оның 14-ін мерзімінен бұрын аяқтаған. Қанат бұл жолы өзінің Латын Америкасының чемпионы атағын 2-рет қорғамақшы.

Бокс жергілікті телеарналарда тікелей эфирде таратылады. Жарыс біздің уақытпен таңғы сағат 8 мөлшерінде өтеді.

   

АСТАНА. ҚазАқпарат

 
0
0
190

Осы тақырып бойынша

Қанат Ислам кезекті жекпе-жегін 7 тамызда өткізеді - Yvision.kz