Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Алматыда доп шығаратын зауыт салынады

Алматыда доп шығаратын зауыт салынады
Жыл соңына дейiн Алматыда доп шығаратын құны 130 миллион АҚШ доллары болатын зауыт салынады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен брифингте ҚР Спорт және дене шынықтыру iстерi агенттiгiнiң төрағасы Тастанбек Есентаев мәлiм еттi.

«Биыл қазақстандық «Kazsport Technology» компаниясы доп шығаратын зауыт ашады. Оған салынған жалпы инвестициялардың көлемi 130 миллион АҚШ долларына тең болады деп жоспарлануда. Ол Алматыда орналасады, онда волейбол, баскетбол мен футболға арналған доптар шығарылады. Бiздiң мақсатымыз спортпен айналысатын әрбiр 2 балаға 1 доптан келетiндей межеге жеткiзу. Жоспар бойынша жыл соңына дейiн салынып бiтедi», — дедi төраға.

Оның айтуынша, оған қоса, Түркияның «Сальсано» компаниясымен бiрге Қазақстанда спорттық велосипедтердi шығару мәселесi, сонымен қатар «Наргиз холдингпен» бiрге шаңғы жабдықтарын шығару жөнiнде келiсiм жасалуда.

   
АСТАНА. ҚазАқпарат - Автор: Жасұлан Жолдыбаев
 
0
0
465

Осы тақырып бойынша

Алматыда доп шығаратын зауыт салынады - Yvision.kz