Головкин-Гил жекпе-жегі НВО-да ең көп көрілім жиған ТОП-10-да
Бокстан орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин мен австралиялық Дэниэл Гилдің жекпе-жегі НВО арнасында ең көп көрілген үздік ондықта, деп хабарлады Sports.kz Allboxing.ru-ға сілтеме жасап.
HBO арнасындағы бұл жекпе-жекті 984 мың көрермен тамашалаған. Бұл ағымдағы жылғы тоғызыншы орындағы үздік көрсеткіш. Ең көп аудитория — 1,048 миллион. Бұл тізімде Хулио Сезар Чавес пен Брайан Вероның жекпе-жегі көш бастап тұр.

