Мазмұнға өту
kazsportagent

Kazsport agent

@kazsportagent

Сайтта 2012 ж. 28 желтоқсанКазахстан, Астана

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ

рейтинг

100

жазбалар

4 640

пікірлер

0

тіркелуші

17

жазылымдар

442

ФУТБОЛ: Қазақстан чемпионатының бірінші кезеңі аяқталды

Бүгін Қазақстан премьер-лига чемпионатының 22-турдағы ойындары аяқталып, еліміздегі доп додасының бірінші кезеңі өз мәресіне жетті. Бұл туралы egemen.kz хабарлады. Бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша, «Ақтөбе» (Ақтөбе), «Қайрат» (Алматы) және «Астана» (Астана) командалары турнир кестесінің алдыңғы үш орнына жайғасты. «Шахтер» (Қарағанды), «Ордабасы» (Шымкент) және «Қайсар» (Қызылорда) алғашқы алтылыққа енді. Бүгін «Ақтөбе» өз алаңында «Таразды» қабылдады. Алаң иелері Роберт Арзуманян мен Марат Хайруллиннің 32 және 43-минуттарда салған голдарымен жеңіске жетті, есеп: 2:0. Ал Қарағандыдағы ойында алаң иелері мен Павлодардың «Ертісі» 2:2 болып ойынды аяқтады. «Ертісі» үздік алтылыққа ене алмады. Семейдің «Спартагы» Қостанайдың «Тобылын» 2:1 есебімен ұтқаны күтпеген жаңалық болды. Атырауда «…

0
0
343

Шахматтан Қазақстанның ерлер құрамасы екі дүркін олимпиада жүлдегерлерін жеңіп кетті

Норвегияның Тромс қаласында өтіп жатқан 41-ші Бүкіләлемдік шахмат олимпиадасының екінші турында Қазақстанның ерлер құрамасы швециялықтарды айқын басымдықпен жеңді, деп хабарлайды Vesti.kz. Қазақстандық квартет құрамына гроссмейстерлер — Павел Коцур, Рүстем Хуснутдинов, Петр Костенко мен халықаралық мастер Аслан Айтбаев кірді. Олар шведтік төрт гроссмейстер — Нильс Гранделиус, Евгений Агрест, Тайгер Хиллар Перссон мен Ханс Тикканеннен айласын асырды. Айта кетейік, бұл елдің командасы екі рет олимпиада жүлдегері атанған әккі құрама. Сондай-ақ, шахматтан Қазақстанның қыздар құрамасы да Того спортшыларын тізе бүктірді — 4:0. Өз қарсыластарын айқын басымдықпен Гулісхан Нахбаева, Динара Сәдуақасова, Мадина Дәулетбаева және Гүлмира Даулетова жеңді. Бұған дейін ел намысын қорғаған ерлер құрамасы…

0
0
216

Хопкинс Головкинға қарсы кездесуге қызығушылық білдіріп отыр

49 жастағы америкалық Бернард Хопкинс қазақстандық Генннадий Головкинге қарсы кездесуге қызығушылық білдіргенін растады, деп хабарлады Boxingscene.com. Өзінің келесі кездесуін Хопкинс ресейлік Сергей Ковалевқа қарсы өткізеді. Бұл кездесу осы жылдың қарашасында өтеді. Алайда содан кейін Хопкинс Головкинмен өтетін кездесу үшін бірнеше келіден арылуға дайын. Америкалық боксшы кездескісі келетін екі спортшының атын атады — Андре Уорд пен Геннадий Головкин. Еске сала кетейік, Бернард Хопкинстің Бейбіт Шүменовке қарсы кездесуі 20 сәуір күні өтіп, америкалықтың пайдасына шешілген болатын. Головкинға келер болсақ, ол өзінің соңғы кездесуін 27 шілде күні АҚШ-та өткізді және рингке екі-үш айдан кейін қайтып келуге дайын. Алайда WBA және IBO әлем чемпионының келесі қарсыласының есімі әлі аталған жоқ…

0
0
185

Астаналық спортшы кәсіби панкратионнан әлем чемпионы атанды

Бурабай курортында «Бурабай Панкратион-2014» ХIV дәстүрлі халықаралық жекпе-жек фестивалі өтті, деп хабарлады кәсіби панкратионнан Азия лигасының баспасөз қызметінен.

Бұл — халықаралық деңгейдегі 111 турнир. Онда Аssenov Fight нұсқасы бойынша әлем чемпионының тоғызыншы белбеуі үшін тартыс өтті.

Әлем чемпионаты жеңіл салмақ 62,5 + 1 кг дәрежесіндегі спортшылар арасында өтті.

Жарысқа түрлі жекпе-жек өкілдері қатысты (каратэ, бокс, ушу-саньда, дзюдо, еркін күрес және т.б). Қазақстан, Азия, Еуропа және әлемнің мықтылары бәсекелесті.

Үш түн ішінде әлемнің 8 үздік файтері бас жүлдеге таласты. Астаналық  Қанат Досмағамбетов жеңіске қол жеткізді.

Басты сөздер: АстанаСпорт
АСТАНА. ҚазАқпарат
0
0
273

Бокстан Алматы қаласының құрама командасы Қазақстан бокс федерациясы кубогы үшін жарыстан шығып қалды

Бокстан Алматы облысының командасы ширек финалда Маңғыстау облысының командасынан 7:3 есебімен ұтылып, келесі кезеңге шыға алмай қалды. Алматыда Республикалық спорт колледжінде өткен ширек финалдық кезеңде Алматы командасы алғашқы кездесуде Павлодар облысының командасын 6:4 есебімен жеңген болатын. Бірақ кеше өткен екінші кездесуде Қазақстан бокс федерациясы кубогының 2012 жылғы чемпионы — Маңғыстау облысының командасы алматылықтарды айқын басымдықпен жеңіп, «А» тобынан жартылай финалға жолдама алды. Алматылық боксшылардың жеңілісін және жалпы сүреңсіз өнер көрсеткендерін Алматы қалалық бокс федерациясының президенті Амалбек Тшанов sports.kz сайтына берген қысқаша сұхбатында жігіттердің бұл жарысқа жеткілікті дайындала алмағандықтарымен түсіндірді. Оның айтуынша, оңтүстік астанада жыл сай…

0
0
364

А.Есімов: 2022 жылғы Қысқы Олимпиаданы Алматыда өткізу өтінімі бойынша белсенді жұмыс атқару керек

Алматыда қала әкімі Ахметжан Есімов пен Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасы Тастанбек Есентаевтың төрағалық етулерімен 2022 жылғы ХХІҮ қысқы Олимпиаданы Алматыда өткізу жөніндегі өтінімді ілгерілету жөніндегі жұмыс тобының отырысы болып өтті. Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметінен мәлімдеді. Бұрын хабарланғанындай, 7 шілдеде Халықаралық Олимпиада комитетінің Атқарушы комитеті 2022 жылғы қысқы Олимпиаданы өздерінде өткізу мүмкіндігіне ие бола алатын үміткер қалалар ретінде Алматы, Осло және Бейжіңді ресми түрде бекіткен болатын. Жиын барысында қазақстандықтардың Олимпиада ойындарын Алматыда өткізуді қолдайтындықтары аталып өтті. «Паблик Опинион Бюро» Халықаралық сараптамалық агенттігі жүргізген сауалдар қорытындысы бойынша азаматтард…

0
0
192

Еуропа Лигасы: «Шахтер» хорватиялық «Хайдук» командасын жеңдi

Қарағандылық «Шахтер» футбол клубының ойыншылары Еуропа Лигасының үшiншi раундында өз алаңында «Хайдук» командасын 4:2 есебімен тiзе бүктiрдi. Бiрiншi таймда алғашқы шабуылда-ақ қарағандылықтар есеп ашты. Вичюстiң ауттан берiлген пасынан кейiн Михрет Топчагич допты қақпаға дәл дарыта білді. Сегiз минуттан соң қарсыластар Сандро Готальдiң арқасында есептi теңестiре алды. Алайда бiр минут өтер-өтпестен Финонченко сол баяғы Вичюстiң ауттан лақтырған добын қарсыластардың қақпасына тоғытып кеттi. Екiншi таймда қарағандылықтар басымдықты хорватиялықтардың қолына берiп қойғанмен, қарсыластар қақпасы маңында белгiленген бұрыштама соққысы кезiнде Алдин Джидич баспен гол салып, «Шахтердi» 3:1 есебiмен алға шығарды. Осы есеп алаң иелерi үшiн сәттi болары анық едi, дегенмен таймның орта тұсында қарағ…

0
0
220

Дмитрий Чудинов Геннадий Головкинді жекпе-жекке шақырды

Орта салмақта WBA нұсқасы бойынша тұрақты әлем чемпионы белдігінің иегері ресейлік боксшы Дмитрий Чудинов осы салмақтағы WBA (Super) және IBO чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинмен жекпе-жекке шығуға дайын екендігін мәлім етті. Бұл туралы «Чемпионат.com» хабарлады. «Мен Головкиннің соңғы кездесуін көрдім. Шынымды айтсам, Дэниел Гилге көңілім толмады. Менің пікірімше, тұрақты чемпионның суперчемпионмен жұдырықтасқаны жөн. Жұрттың көпшілігі Геннадиймен теке-тіресе алатын қарсылас жоқ дегенді айтады. Өкінішке орай, екеуміздің кездесуіміз туралы келіссөздер ұзаққа созылуда. Ал мен үшін спорт әлеміндегі жұлдызға айналған Геннадий Головкинмен шаршы алаңда шайқасу, үлкен мәртебе», — дейді Дмитрий Чудинов. Еске сала кетсек, ол 9 тамызда француз Мехди Буадлмен кездеседі. Бұл ресейліктің чемпио…

0
0
179

Борис Спасский ФИДЕ сайлауында Илюмжиновтың кандидатурасын қолдайды

Шахматтан әлемнің оныншы чемпионы Борис Спасский Халықаралық шахмат федерациясының (ФИДЕ) президентін сайлауда ұйымның қазіргі басшысы Кирсан Илюмжиновтың кандидатурасын қолдайтынын мәлім етті. Бұл туралы Спасский ИТАР-ТАСС тілшісіне берген сұхбатында айтты. ФИДЕ басшылығының сайлауы 2014 жылдың тамызында Норвегияның Тромсе қаласында бүкіләлемдік шахмат олимпиадасы кезінде өткізіледі. Қазір ұйымның президенттігі орнынан осы қызметті 1995 жылдың қарашасынан бері атқарып келе жатқан Илюмжинов үміткер және шахматтан 13-ші әлем чемпионы Гарри Каспаров та дәмелі. Дауыс беруге ФИДЕ бас ассамблеясының 181 делегаты қатысады. «Мен Халықаралық шахмат федерациясы ұйымының қазіргі басшысы жағындамын. Себебі Илюмжинов Ресейдегі қиындыққа толы жылдары ерлер мен әйелдер арасында осы елдің чемпионаттарын…

0
0
212

«Астана» швециялық «АИК» командасынан айласын асыра алмады

Еуропа Лигасының үшiншi раундында «Астана» швециялық «АИК» командасын қабылдады.

Тартысты өткен матч 1:1 есебiмен аяқталды. Алғашқы таймның басында бiрiншi болып қазақстандық футболшылар гол өткiзiп алған болатын. Тоғызыншы минутта соғылған доптың авторы Набиль Бауи атанды.

Ойынның 44-минутында Таңат Нөсербаев «Астананы» жеңiлiстен аман сақтап қалды. Айта кету керек, жергiлiктi футболшылардың басымдығы өте жоғары болды. Дегенмен, «АИК» қорғаушылары мен қақпашысы өте сауатты ойнады. Келесi матч бiр аптадан соң Стокгольмде болады.

АСТАНА. ҚазАқпарат - Автор: Жасұлан Жолдыбаев
0
0
155