Перейти к содержимому
jan.123

jan.123

Сайтта 2023 ж. 20 қараша

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

1 004

жазбалар

570

пікірлер

0

тіркелуші

3

жазылымдар

4

Шымкентте жол төсеу жұмыстары қарқынды атқарылуда

Қазір шаһарда маңызды жол құрылыстары жоспарға сай жүргізіліп жатыр.Қараша айының басында Шымкент қаласындағы жол құрылысы бойынша атқарылған жұмыстарды таныстыру мақсатында кезекті баспасөз туры ұйымдастырылған болатын. Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Өмір Қалыбаев М.Х.Дулати, Қазыбек би көшелеріндегі өзгерістер, Қонаев даңғылы жалғасының құрылысының 2-ші, 5-ші кезеңі және «Оңтүстік» айналма жолында жүзеге асқан жұмыстарды таныстырды.Қала аумағындағы жол инфрақұрылымын дамыту жоспарына сәйкес, магистральді көшелердің бірі Қазыбек би мен Дулати көшелерінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Яғни, асфальт жабындысы жаңартылып, жол және жаяу жүргіншілер жолақтары сызылды. Қазіргі таңда Дулати көшесінде аяқжол салу жұмыстары жүріп жатыр.Тая…

0
0
177

140-тан астам отбасы мемлекеттік бағдарламамен баспаналы болды

Шымкент қаласында мемлекеттік бағдарлама аясында тұрғын үй кезегіндегі 144 отбасы арендалық баспанамен қамтылды.Оның ішінде 56 пәтер көпбалалы отбасыларға, 41 пәтер халықтың әлеуметтік әлсіз тобындағы азаматтарға, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға 47 пәтер табысталып, қазір келісім-шарт жасасу жұмыстары жүргізілуде. Жаңа баспаналар Тұран ықшамауданында орналасқан.Айта кетейік, жыл басынан бері қалада мемлекеттік бағдарлама аясында 324 пәтер арендалық бағытта кезегі келген әр түрлі санаттағы азаматтарға берілген болатын.Бұдан бөлек жыл соңына дейін жұмыс істейтін жастарға арналған «Жастар» бағдарламасы бойынша 888 азаматқа пәтер кілтін табыстау жоспарланып отыр.Осы тұста үй кезегін күтіп отырғандарға оны қайдан көруге болатынын еске салып өтсек дейміз.Елімізде тұрғын…

0
0
195

Шымкенттіктер отбасындағы зорлық-зомбылыққа қарсы республикалық шараға үн қосуда

Шымкент қаласында «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн белсенділік» акциясы аясында дөңгелек үстел өтті.Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің нұсқауымен 25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында республика аумағында «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн белсенділік» акциясы өтеді. Ондағы мақсат – тұрғындар арасындағы заң бұзушылықтардың алдын алу.Бүгін осы орайда, Шымкент қаласы полиция департаментінде жергілікті атқарушы органдар мен бірқатар жауапты мамандардың қатысумен дөңгелек үстел өтті.Жиынға Шымкент қаласы әкім аппараты басшысы орынбасарының міндетін атқарушы, әкім жанындағы әйелдер істері және демографиялық саясат комиссияның хатшысы, қалалық прокуратура, «Аманат» партиясының хатшысы, қалалық мәслихат депутаты, Ұлттық комиссия мүшесі мен әйелдер кеңесінің төрайымы, Ішкі саясат және ж…

0
0
131

Шымкентте ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу ісі қарқынды жүргізілуде

Үшінші мегаполисте қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі артып келеді.Шымкент қаласында биылғы 10 айда 123,1 миллиард теңгенің қайта өңдеуден өткен ауыл шаруашылығы өнімдері нарыққа шығарылған.Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасындағылар хабарлады.Басқарманың мәліметтеріне сүйенсек, қала аумағында қазіргі таңда ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдейтін 50-ге жуық кәсіпорын бар. Оның басым бөлігі жеміс-жидек пен көкөністі, сүт өнімдерін, өсімдік майы мен астықты қайта өңдеумен айналысады. Биылғы 10 айда аталған кәсіпорындар 123,1 миллиард теңгенің қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерін шығарған. Бұл көрсеткіш өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2 пайызға артқан.Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу – ел экономикасы үшін…

0
0
186

Қалаға жылу үздіксіз беріліп тұр

Шымкентте БАҚ өкілдері шаһардағы жылу қазандықтарының жағдайымен танысты. Баспасөз турын қаланың Энергетика және инфрақұрылым басқармасы ұйымдастырған.Шаһарда қазір «Қуатжылуорталық -3» мекемесіне тиесілі 23 қазандық пен 17 сорғы станциясы халыққа жылу беруде үздіксіз жұмыс істеп тұр. БАҚ өкілдері алдымен Нұрсәт ықшамауданындағы көпқабатты үйлерді жылумен қамтып отырған қазандық жұмысымен танысты. «Қуатжылуорталық-3» мекемесі директорының бірінші орынбасары Нұрбек Орынбаевтың айтуынша, бұл қазандық 127 көпқабатты үй мен 8 әлеуметтік нысанды жылытады.«Қуатжылуорталық-3» мекемесіне тиесілі қазандықтардың 21-іне табиғи газ, екуіне қатты отын қолданылады. Жылу беру маусымына дейін 1100 тонна көмір алынды. Қазір барлық қазандық жоспарға сай жұмыс істеп тұр. Үйлерге жылу беру ісі даладағы ауа р…

0
0
161

Шымкентте республикалық іс-шара аясында жаттығулар өткізілуде

23 қарашада елімізде «Қыс-2023» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды.Іс-шара қыс мезгіліндегі төтенше жағдайларда апаттан құтқару жұмыстарына Төтенше жағдайлар департаменттері арнайы техникаларының дайындығын тексеру, олардың жұмысқа жарамдылығын және техникалық жағдайын анықтауды мақсат еткен. Оған сәйкес, оқыс оқиғалардың салдарын жою жөніндегі іс-қимылдарды пысықтау бойынша командалық-штабтық жаттығулар өткізіліп, апаттан құтқару қызметтері мен азаматтық қорғау құралымдары практикалық іс-қимылдарды жүзеге асырады.Осы республикалық іс-шара аясында Шымкент қалалық Төтенше жағдайлар департаментінде жедел штабтың жұмысы ұйымдастырылды. Іс-шараның бірінші күні «3-Энергоорталық» акционерлік қоғамында тактикалық-арнайы оқу-жаттығулар өткізілді. Сценарий бойынша мекеме аумағын…

0
0
297

Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік қоры жеткілікті

Қала тұрғындары бір жылда 500 мың тоннаға жуық әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын тұтынады.Қазір шаһар аумағында халық жиі тұтынатын өнімдерден тапшылық байқалмайды. Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасы да бақылауда. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков жауаптылармен «Meir-Trade Dirstibution Company» ЖШС-де болып, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлар қоймасының жұмысын қадағалады.Көтерме сауда қызметімен айналысатын ірі дистрибьютор - «Meir-Trade Dirstibution Company» серіктестігінің қоймасы 2 600 шаршы метрді алып жатыр. 2013 жылы іске қосылған нысанда қазір 100 адам жұмыс істейді. Қоймада қант, ұн, қарақұмық жармасы, күнбағыс майы, тұз, макарон және кондитерлік өнімдер сақталады.Тұрғындар бүгінде ұн, нан, рожки, күн…

0
0
263

Шымкентте мал шаруашылығын дамытуға миллиардтан астам теңге қаралған

Ауыл шаруашылығы саласында 16 инвестициялық жоба жүзеге асырылмақ.Шымкент қаласында биыл мал шаруашылығы саласын дамытуға мемлекеттен 1071,7 миллион теңге қаржы қаралған. Осы қаражаттың 209,4 миллион теңгесі жем-шөпке бағытталған. Бұл жайында қаланың ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Әбунасыр Жанбатыров хабарлады.Шаһарда асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту мен өнімділігін арттыруға субсидия асыл тұқымды малға, селекциялық асылдандыруға, өндірілген өнім мен жем-шөп шығындарының бір бөлігін өтеу үшін беріледі. Бұл бойынша нақты норматив бекітілген.– Мемлекеттік қолдауды тиімді пайдалану арқылы биыл «Эгамназаров» шаруа қожалығы Дания елінен 104, «Бәйтереков» шаруа қожалығы 34 сүтті бағыттағы ірі қараның «Гольштейн», «Джерси» және «Қызыл Даттық» тұқымдарының аналық басы…

0
0
206

Қосымша білімге құштарлықты оятқан Оқушылар сарайы

Шымкентте биыл қала күніне орай қолданысқа берілген №2 Оқушылар сарайында 4590 бала 6 бағыт бойынша қосымша білім алуда.2023 жылдың қазан айында Шымкент қаласы әкімдігінің Ақпараттық-коммуникациялық орталығы осы Оқушылар сарайының тыныс-тіршілігімен танысу мақсатында баспасөз-турын ұйымдастырған болатын. Сол кезде көп жайтқа қанық болдық.«№2 Оқушылар сарайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны осы жылдың 25 шілдесінен бастап іске қосылды. Қосымша біліммен қамтудың мақсаты – баланың жеке тұлға ретінде жан-жақты дамуын жүзеге асыруына жағдай жасау, адамгершілігі үйлесімді дамыған және әлеуметтік жауапты тұлғаны тәрбиелеу, балаларды экологиялық мәдениетке баулу, оларды табиғат қорғау қызметіне тарту, қоғамдағы өмірге бейімдеу, бос уақытты мазмұнды ұйымдастыру», – дейді мекеме басшыс…

0
0
255

Шымкентте емхана жанынан «Үздік тәжірибелік орталық» ашылды

Шымкент қалалық №3 емханада «Үздік тәжірибелік орталық» ашылды.Орталықтың ашылу рәсіміне қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек, «Primary Health Care» ұлттық қауымдастығының төрағасы Төлебай Рахыпбеков және қала тұрғындары, денсаулық сақтау саласы қызметкерлері қатысты. Таяуда осы емхана жанынан «Сұңқар» Жастар денсаулық орталығы ашылған-тын.ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің стратегиялық бағыты аясында, медициналық қызметтің сапасын арттыру бойынша өңірлерде осындай орталықтар іске қосылуда. Мұнда медицина қызметкерлері бірлесе отырып, тұрғындарға әлеуметтік, репродуктивті және психикалық денсаулық мәселелері бойынша көмек көрсетеді. Атап айтқанда, мұнда жастар денсаулық орталығы, алдын-алу және әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету, отбасылық денсаулық орталығы, ана мен бала бұрышы б…

0
0
305