Перейти к содержимому
jan.123

jan.123

Сайтта 2023 ж. 20 қараша

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

1 004

жазбалар

570

пікірлер

0

тіркелуші

3

жазылымдар

4

Қызылша дерті қайтадан күш ала бастады

Астанада күн сайын 75-80 бала қызылша инфекциясын жұқтырып ауруханаға түсуде. Оның дені — балалар. Бұл туралы қалалық №3 көпбейінді балалар ауруханасы директорының орынбасары Роза Өтегенова хабарлады.«Біздің ауруханаға қызылша инфекциясымен күніне 75-80-ге жуық бала түсіп жатыр. Оның 30-35%-ы стационарлық, қалғаны амбулаториялық ем алып жатыр. Қызылша жұқтырғандардың көбісі 7 жасқа дейінгі балалар. 10-15% ғана 7 жастан асқандар және 17% 1 жасқа толмаған сәбилер», - деді Роза Өтегенова Астана қалалық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.Сондай-ақ, маман қызылшаны жұқтырудың бірнеше себебін атады.«Мысалы, балабақшадан жұктырып келуі мүмкін, сосын оны үйдегі балаларға жұқтыру қаупі бар. Қызылша жұқпалы және оның таралуы жоғары (100%). Сондықтан уақытылы екпе алған абз…

0
0
129

Астанада Назарбаевтың ескерткіші алып тасталды

Елордада экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткіші алып тасталды.

Осы жағдайға дәлел болатын фотосуреттер t.me/secretwithsecret-те жарияланды.

«Астанадағы Қорғаныс университетінде Назарбаевтың ескерткіші алып тасталды. Елбасыдан арылу жалғасуда», - деп жазылған аталған Telegram-арнада.

Айта кетейік, Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткіші Ұлттық қорғаныс университетінің аумағында 2020 жылы тұңғыш президенттің 80 жасына орай ашылған еді. Енді оның алып тасталғаны әлеуметтік желіде мәлім болды.

Аталған университеттегілер ескерткіштің шынымен тұғырынан түскенін, оның қазір қоймада жатқанын айтты.

0
0
1816

Маңғыстау облысында аққулардың қырылуына Rixos отелінің қатысы бар ма?

Экология және табиғи ресурастар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетіндегі басқарманың бұрынғы басшысы, қазір аңшылардың «Табиғат» республикалық қауымдастығының вице-президенті Айтуар Туғанбеков Қаракөлдегі аққулардың жаппай қырылуына қатысты мәлімдеме жасады.Бұл үшін ол Facebook-тегі жеке парақшасына видео салған. Онда экс-шенеуніктің өзі сөйлеп отыр.Айтуар Туғанбеков 2020 жылы Rixos отелімен Қаракөлге су ағызып жіберу туралы келісімге қол қоймай қойғанын айтады.«Былай болуы керек-тұғын: Rixos суды Каспий теңізінен алады. Сол суды жұмысына пайдаланады. Олардың өздерінің бір сүзгілері бар. Суды сол арқылы өткізеді. Ал сосын оны бір жерге төгу керек қой. Олар шайынды суды жолдың арғы бетіндегі Қаракөлге төгейік деді. Әлгі келісімнің жобасында ол үшін әлдебір «супер» с…

0
0
173

Биыл ҰБТ өткізу тәртібі өзгере ме?

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Facebook-тегі жеке парақшасына биыл Ұлттық бірыңғай тестілеудің қалай өтетіні туралы жазба жариялады.Коллаж: egemen.kz«Құрметті болашақ студенттер! Сіздер үшін ҰБТ-2024 өзгеріссіз қалатындығын қуана хабарлаймын. Тестілеуде сіздер тек екі пән тапсырасыздар: Қазақстан тарихы (20 тапсырма, шекті балл – 5) және Оқу сауаттылығы (10 тапсырма, шекті балл – 3). Тапсырмаларды орындау уақыты – 70 минут. Ал шығармашылық емтихандар жоғары оқу орындарында өтеді», - деп жазды Саясат Нұрбек.Министрдің айтуынша, бұл шешім талапкерлердің қалауы мен бейінді ведомстволардың сараптамалық пікірі негізінде қабылданған.«Қорытындылай келе, өткен жылы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі негізгі ҰБТ-ны екі рет тапсырып, үздік нәтижемен грант тағайындау конкурсына қ…

0
0
157

Ресей кеденшілері қазақстандық кәсіпкерлерді тым ұзақ тексереді. Бізде неге олай емес?

Бүгін сенат отырысында жоғарғы палата төрағасы Мәулен Әшімбаев Ресейдің кеден бекеттерінде қазақстандық тауарлардың ұзақ тексерілетіні туралы мәселе қозғады. Оның ойынша, бұл әділдік емес.«Барлық әріптестеріміз аймақтарды аралады. Өзім де Атырау облысына барып, жұртпен кездестім. Кәсіпкерлермен бір кездесуде олар Ресейге өнімдерін тасығанда ветеринарлық, санитарлық, фитосанитарлық тексерулердің бәрінен өтуге 15-20 күн кетіретінін айтты. Олай болса, біздің тарапымызға сол тауарлар келіп жатқанда неге олар ветеринарлық, санитарлық, фитосанитарлық және басқа бақылаудан тиісті деңгейде өткізілмейді. Бұл қарама-қарсы екі жаққа жүретін жол ғой. Егер серіктестеріміз тексеріп жатса, біз де тексеруіміз керек. Бастысы, өз азаматтарымыздың денсаулығын қамтамасыз етуіміз қажет», – деді Мәулен Әшімбае…

0
0
141

Еліміздегі министрліктің Telegram-арнасына министрді орнынан алу туралы петиция шыққан

Қызық жағдай болып тұр. Еліміздің денсаулық сақтау министрлігінің Telegram-арнасына министрді отставкаға жіберу туралы петиция шығып кеткен. Ведомстводағылар мұны техникалық қате деп отыр.

Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері ведомствоның Telegram-арнасында министр Ажар Ғиниятты отставкаға жіберу туралы петиция бар материалға сілтеме қалай жарияланып кеткенін түсіндірді.

Олардың айтуынша, бұл материал ведомствоның Telegram-арнасына қателікпен шығып кеткен.

"Бұл жазба осы петицияны теріске шығару мақсатындағы материалды жариялау кезінде интернет дұрыс істемеуіне байланысты жарияланды. Петицияның мазмұны шындыққа жанаспайтындықтан, азаматтарды жалған ақпаратқа сендіретіндіктен, ведомствоның баспасөз қызметі теріске шығару мәтінін дайындады", - деп ақталуда министрлік мамандары.

0
0
169

”Оралман” оралар ма?

Мұхтар Мағауин ақсақалдың ұлтқа, ұрпаққа дәріс ретіндегі сұқбатын үш күн әрі де бері талқыланған көпшілік көңіл аудармаған және бір жәйт бар. Қаламгер биліктің “оралман” сөзін жойып, оның орнына “қандас” сөзін қолданғанын сынаған.Фото: azattyq.orgӨте орынды сын ғой. Мағауин билік құр сөзді ауыстырып алдарқатқанша, шет елден оралған, әлі де оралғысы келетін қазақтарға қамқорлықты күшейткені жөн боларын айтады. Түптеп келгенде бізге бүкіл түрік халықтарының барлығы қандас екенін еске салады.Әрине енді билік кері бұрылып, “мынауымыз қате болыпты” дей алмайды. Оған биік рух, кең өре, мол мінез, ызасыз, ашусыз байсалды байып керек қой.Ендеше “оралман” сөзі ауыз-екі тілде сақталып, айтыла бергенмен ресми құжаттарда қайтадан жазыла қоймас.Соның өзінде ақсақалдың ескертуі өте қисынды.Журналист Қа…

0
0
135

Арыстанбек Мұхамедиұлы бір мектепті иемденіп алмақ болған - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бұрынғы мәдениет және спорт министрі әрі Ұлттық музейдің экс-басшысы Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты жаңа деректі жариялады.Фото: tengrinews.kzСыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Арман Тілеукенов өткен жылы жазда Мұхамедиұлына қатысты 221 миллион теңгеден астам бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша сот үкімі шыққанын еске салды. Экс-министр 8 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. "Қазіргі уақытта бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде жымқыру және жоғары спорт шеберлігі мектебін заңсыз жекешелендіру бойынша қосымша эпизодтар бар. Келесі эпизод – "Дипломат" қонақ үйін рейдерлік жолмен басып алу және пара беру әрекеті. Бұл істердің барлығы қазір сотта қаралып жатыр", - деді Арман Тілеукенов.Айта кетейік, Арыстанбек Мұ…

0
0
196

Елімізде аса қауіпті 15 ұйымдасқан қылмыстық топтың жолы кесілді

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2023 жылы қоғамдық қауіпсіздікке қылмыстың ұйымдасқан түрі тарапынан төнетін қатерлерге қарсы іс-қимыл бойынша кешенді шараларды жүзеге асырған.

Фото: видеодан скриншот

2023 жылы ҰҚК ішкі істероргандарымен бірлесіп аса қауіпті 15 ұйымдасқан қылмыстық топты қолға түсірген. «Тінту кезінде бұл топ мүшелерінен оқ ату қаруы, ақшалай заттар, есірткі заттары мен олардың құқыққа қайшы әрекеттерінің өзге де заттай дәлелдемелері алынды. Жалпы кісі өлтіру, тонау, бопсалау, қарақшылық және басқа ауыр қылмыстар жасады деген күдікпен 98 адам ұсталып, олардың 40-ы сотталды. Қалғандарына қатысты әлі де сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде», – делінген ресми хабарламада. ҰҚК ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бойынша іс-шараларды жалғастырып жатыр.

t.me/knbgov_kz

0
0
189

Әзірбайжандағы президент сайлауында жеті үміткер бақ сынайтын болды

Әзірбайжан Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) президенттікке кандидат ретінде тағы төрт адамды тіркеді. Сөйтіп, үміткерлердің жалпы саны жетеу болды.ОСК-ға соңғы тіркелген төрт адам – «Ұлы жасампаздық» партиясынан Фазиль Мустафа, «Ұлы Әзірбайжан» партиясы атынан Эльшад Мусаев, «Әзірбайжанның бірыңғай халық майданы» партиясынан Гудрат Гасангулиев және өзін ұсынған Фуад Алиев.Бұған дейін ОСК «Ени Әзірбайжан» партиясының атынан қазіргі мемлекет басшысы Ильхам Алиевті, сондай-ақ Милли Меджлис депутаттары Захид Орудж (өз-өзін ұсынған) бен Рази Нуруллаевты («Ұлттық майдан» партиясының басшысы) президенттікке үміткер ретінде тіркеген еді.Кандидаттарды тіркеу үшін құжат тапсыру мерзімі 8 қаңтарда аяқталды.Айта кетейік, Әзірбайжанда 2024 жылдың 7 ақпанында кезектен тыс президент сайлауы өтеді.однако…

0
0
323