Мазмұнға өту
Обложка сообщества Qogam

Биыл ҰБТ өткізу тәртібі өзгере ме?

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Facebook-тегі жеке парақшасына биыл Ұлттық бірыңғай тестілеудің қалай өтетіні туралы жазба жариялады.

Коллаж: egemen.kz

«Құрметті болашақ студенттер! Сіздер үшін ҰБТ-2024 өзгеріссіз қалатындығын қуана хабарлаймын. Тестілеуде сіздер тек екі пән тапсырасыздар: Қазақстан тарихы (20 тапсырма, шекті балл – 5) және Оқу сауаттылығы (10 тапсырма, шекті балл – 3). Тапсырмаларды орындау уақыты – 70 минут. Ал шығармашылық емтихандар жоғары оқу орындарында өтеді», - деп жазды Саясат Нұрбек.

Министрдің айтуынша, бұл шешім талапкерлердің қалауы мен бейінді ведомстволардың сараптамалық пікірі негізінде қабылданған.

«Қорытындылай келе, өткен жылы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі негізгі ҰБТ-ны екі рет тапсырып, үздік нәтижемен грант тағайындау конкурсына қатысу мүмкіндігін ресми түрде бекіткенін еске саламын. Егер ақылы негізде түсу үшін ҰБТ тапсырудың тағы үш мүмкіндігі (қаңтар, наурыз, тамыз) бар екенін ескеретін болсақ, онда 2024 жылғы талапкерлер тестілеуден бес рет өте алады», - деді министр.

0
0
158

Осы тақырып бойынша

Биыл ҰБТ өткізу тәртібі өзгере ме? - Yvision.kz