Мазмұнға өту
Обложка сообщества Мемлекет

Ресей кеденшілері қазақстандық кәсіпкерлерді тым ұзақ тексереді. Бізде неге олай емес?

Бүгін сенат отырысында жоғарғы палата төрағасы Мәулен Әшімбаев Ресейдің кеден бекеттерінде қазақстандық тауарлардың ұзақ тексерілетіні туралы мәселе қозғады. Оның ойынша, бұл әділдік емес.

«Барлық әріптестеріміз аймақтарды аралады. Өзім де Атырау облысына барып, жұртпен кездестім. Кәсіпкерлермен бір кездесуде олар Ресейге өнімдерін тасығанда ветеринарлық, санитарлық, фитосанитарлық тексерулердің бәрінен өтуге 15-20 күн кетіретінін айтты. Олай болса, біздің тарапымызға сол тауарлар келіп жатқанда неге олар ветеринарлық, санитарлық, фитосанитарлық және басқа бақылаудан тиісті деңгейде өткізілмейді. Бұл қарама-қарсы екі жаққа жүретін жол ғой. Егер серіктестеріміз тексеріп жатса, біз де тексеруіміз керек. Бастысы, өз азаматтарымыздың денсаулығын қамтамасыз етуіміз қажет», – деді Мәулен Әшімбаев.

Расымен де неге бұлай? Әлде біздің кеденшілерге бәрібір ме? Олар әлі де сол ақша жасаудың қамымен жүр ме?

0
0
142

Осы тақырып бойынша

Ресей кеденшілері қазақстандық кәсіпкерлерді тым ұзақ тексереді. Бізде неге олай емес? - Yvision.kz