Перейти к содержимому
jan.123

jan.123

Сайтта 2023 ж. 20 қараша

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

1 004

жазбалар

570

пікірлер

0

тіркелуші

3

жазылымдар

4

Елімізде көктемде болуы мүмкін су тасқынына дайындық қазірден басталып жатыр

Бүгін премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен үкімет отырысында бірнеше мәселе қаралды. Солардың бірі ел өңірлерінің алдағы су тасқыны кезеңіне дайындығына қатысты.Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов алдағы су тасқыны кезеңіне дайындық басталғанын жеткізді. Мәселен, су тасқыны жағдайының ықтимал асқынуларына жедел ден қою мақсатында азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің күштері мен құралдарының арнайы топтары құрылды. Оның құрамында 39 мыңнан астам адам, 11 мыңға жуық техника, 500-ден астам жүзу құралдары және 3 мыңнан астам мотопомпалар бар.«Күштер мен құралдарды жедел тасымалдау, сондай-ақ зардап шеккен халықты шұғыл эвакуациялау жағдайында «Қазавиақұтқару» АҚ әуе кемелері тұрақты дайындықта болады. Азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдері де құтқару операциялар…

0
0
197

БҚО-да 14 мектеп директоры оқушылардың қылығы үшін жазаланды

Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданының прокуратурасы жүргізген талдауда кәмелетке толмаған оқушылардың білім беру мекемесінің қабырғасында (14 мектептің информатика кабинеттерінде) тыйым салынған интернет-контенттерге еркін қол жеткізу фактілері анықталды.Яғни, мониторинг барысында кәмелетке толмағандардың әртүрлі суицид пен зорлық-зомбылық көріністері бар сайттарға еркін кіргені мәлім болған.Осылайша, жол берілген заң бұзушылықтар үшін облыстың білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментіне прокурорлық қадағалау актісі енгізілді, оның нәтижелері бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 409-бабы 7-2-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке 14 мектеп директоры тартылды.Бүгінгі таңда ауданның барлық білім беру мекемелерінде осындай интернет-сайттарға кіруге шектеулер қо…

Бүгін елде тұман, көк тайғақ, қатты жел болады

Бүгінгі күнді ауа райы мәліметінен бастайық. Қаншама күн кей өңірлерде жайлы болып тұрған күннің енді бұзылатын түрі бар. ​Сонымен, Қазгидромет ел аумағында 8 қаңтарда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады Синоптиктердің дерегіне қарағанда, бұрынғысынша ҚР аумағында атмосфералық фронттардың өтуімен ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады. «Жауын-шашын жауады, елдің солтүстігінде көбінесе қар бұрқасынмен, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында негізінен жаңбыр түрінде, солтүстігінде, Ақмола облысының оңтүстігінде, түнде Қостанай облысының солтүстігінде қалың қар түсуі мүмкін. ҚР бойынша тұман, көктайғақ, екпінді жел күтіледі», — делінген ақпаратта. Абай облысының басым бөлігінде оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығы…

0
0
253

Павлодар облысында мамандар «жер жұтып» кеткен автобустың орнын шамалады

Павлодар облысындағы «Майқайың-алтын» АҚ аумағында ойыққа түсіп кеткен автобустың жатқан жері сканер арқылы шамамен анықталғандай. Мамандар геологиялық радармен сканерлеу барысында техниканың 5 метр тереңдікте жатуы мүмкін екенін айтқан.«Мамандар арнайы сканермен ойық түбіне түсіп, зерттеу жұмыстарын жүргізді. Геологиялық сканердің деректері ойық түбіндегі топырақта 5 метр тереңдікте металл тәріздес заттың жатқанын анықтады. Автобус сол жерде болуы мүмкін. Ойық шетіндегі топырақтар әлі сусылдап, төмен сырғып жатыр», - деп хабарлады Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі.Бүгін төтеншеліктер М айқайыңда ойыққа түсіп кеткен автобусты Балқаш қаласынан әкелінген геологиялық сканермен іздеуге кіріскен болатын. Енді соның алдын ала нәтижелері айтылып жатыр.Айта кетейік, Баянауыл ауданындағы «Майқа…

0
0
660

«Бульдозер өтіп жатқандай». Бүгін Алматы мен оның маңында болған жер сілікінісі туралы жұрт не деді?

Бүгін Алматы қаласының маңында таңертеңгі сағат 9:10 шамасында 4.6 балдық жер сілкінісі болды. Оның ошағы мегаполистен шығысқа қарай 55 шақырым жерде тіркелген.

Фото: total.kz

Соның салдарынан Түргенде 3 балл, Алматыда 2 балл дүмпу сезілді.

Осыдан кейін зілзала ошағы маңындағы тұрғындар қатты дүрлыгып қалды. Олар өз әсерлерін әлеуметтік желіде (https://www.instagram.com/p/C1yTOgaKEmG/?igsh=aHZtOWtjOWE1Ymc1) жарыса жазып жатыр.

«Сезінгеніміз былай тұрсын, секіріп кеттік», «Иә, Есікте сезілді», «Бульдозер өтіп бара жатқандай сұмдық болды», «Түргенде қатты дүмпу болды», «Иә, 9:10 шамасында болды. Мен қорыққанымнан далаға атып шықтым», «Біздің Тұздыбастауда да әжептәуір дүмпу болды», «Мен немене дүрс ете қалды деп қоямын», «Алматыда да сезілді» дейді жұрт.

0
0
697

80 жастағы кейуана үйінді астында 3 тәулік жатқан

Жапонияда жер сілкінісінен кейінге іздестіру-құтқару шаралары жалғасып жатыр.Мұндайда үлкен қасіретпен қоса қызық жайттардың да болып тұратыны бар. Мысалы, бірнеше күн, тіпті бірнеше аптадан кейін адамдар үйінді астынан аман-есен табылып жатады.Жапонияда да сондай жағдай болды. Құтқарушылар жер сілкінісі салдарынан құлаған үйінің астында қалған 80 жастағы кейуананы 72 сағаттан кейін үйінді астынан алып шықты. Сарапшылар бұл үш тәулікті «мүмкіндік терезесі» деп отыр. Олардың ойынша, енді бұл «терезе жабылып», тірі қалуға деген үміт азая бастайды. Бірақ бірнеше аптадан кейін де аман табылып жатқандар бар екенін де айта кетуіміз керек.Жапонияда 7,6 балдық жойқын жер сілкінісі жаңа жылдың алғашқы болған еді. Содан бері 200-ден астам адам із-түссіз жоғалып кеткен. Ал қаза тапқандар саны 100-де…

0
0
247

Руслана Коршунова өлерінен екі жыл бұрын Эпштейннің атышулы аралында болыпты

Тегі орыс қазақстандық модель Руслана Коршунова миллиардер, секс-саудагер Джеффри Эпштейннің жекеменшік аралында болып қайтқан. Кейін ол жер «педофилдер аралы» ретінде танылды.Эпштейнге қатысты атышулы істен кейін кезінде Nina Ricci парфюмінің бет-бейнесі болған, жұмбақ жағдайда қаза тапқан Коршунованың атақты миллиардердің аралына барғаны анықталған.Іс материалдарына қарағанда, модель 2006 жылы миллиардермен бірге оның жеке ұшағымен Кіші Сейнт-Джеймс аралына барған. Бұл – жаңағы Эпштейннің аралы. Қазір ол жердің құл саудасы және подофилиямен атағы шығып тұр.Бұл жерде Русланаға не болғаны белгісіз. Оның агенті модельдің мұндағы жағдайға риза екенін мәлімдеген еді. Алайда бүгінде анықталған жағдайдан кейін журналистер Коршунова да басқа қыздар сияқты аралға келушілер тарапынан сексуалдық з…

0
0
319

Елімізде өткен жылы қойылған ең танымал 10 есім

Ұлттық статистика бюросы 2023 жылы дүниеге келген балаларға ең көп қойылған ең есімдерді анықтады. Бұл тұрғыда өткен жылмен салыстырғанда аса айырмашылық жоқ. Қыздардың есімдері бұрынғыдай болып қалған. Ал ұлдар арасында Хамза деген ат Рамазанның орнын алмастырып, ТОП-10 тізіміне кірді. Сонымен, елімізде 2023 жылы ең көп қойылған ұл есімдері:1. Әлихан – 2848; 2. Омар – 2362; 3. Айсұлтан – 2268; 4. Әмір – 2162; 5. Алдияр – 2035; 6. Мұхаммед – 1928; 7. Алан - 1900; 8. Али – 1768 ; 9. Нұрислам – 1549; 10. Хамза – 1468.Елімізде 2023 жылы ең көп қойылған қыз есімдері: 1. Медина - 5307; 2. Айша - 4390; 3. Асылым - 4139; 4. Айлин - 4063; 5. Раяна - 3019; 6. Томирис - 2877; 7. Сафия - 2719; 8. Амина - 2471; 9. Айым - 2312; 10. Аяла - 2279.Соңғы айларда ұлдар арасында Мұстафа, Ахмет есімдері, қызд…

0
0
182

Үлкен Алматы айналма автожолының ақысы өзгерді

Алматы облысындағы Іле ауданының әкімдігі Үлкен Алматы айналма автомобиль жолымен (ҮАААЖ) жүру ақысына өзгерістер енгенін хабарлады.Фото: Zakon.kzАлматы облысындағы Іле ауданының әкімдігі Үлкен Алматы айналма автомобиль жолымен (ҮАААЖ) жүру ақысына өзгерістер енгенін хабарлады.Алматы облысындағы Іле ауданының әкімдігі Үлкен Алматы айналма автомобиль жолымен (ҮАААЖ) жүру ақысына өзгерістер енгенін хабарлады.Алматы облысындағы Іле ауданының әкімдігі Үлкен Алматы айналма автомобиль жолымен (ҮАААЖ) жүру ақысына өзгерістер енгенін хабарлады.Алматы облысындағы Іле ауданының әкімдігі Үлкен Алматы айналма автомобиль жолымен (ҮАААЖ) жүру ақысына өзгерістер енгенін хабарлады.«2024 жылғы айлық есептік көрсеткішті индексациялауға байланысты 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап ҮАААЖ бойынша жол жүру құнын…

0
0
245

Жер астына кетті. Ішінде бір құтқарушы мен жүргізуші қалған автобус әлі табылмай жатыр

Павлодар облысында «Майқайың-алтын» АҚ кенішіндегі тазарту кеңістігіне ішіндегі адамдарымен бірге құлап кеткен автобус әлі іздестіріліп жатыр. Яғни көлік опырылып, шұңқырға айналған жерге түсіп кеткен еді.Өткен түнде басталған құтқару жұмыстары әлі жалғасуда. Ресми мәлімет бойынша, пайда болған шұңқырдың топырағы тағы опырылуы мүмкін болғандықтан жұмыс қиындап кеткен. Қауіпсіздік шаралары барынша сақталуда.«Қаңтардың 3-інен 4-іне қараған түні сағат 1:25 шамасында Павлодар облысының Баянауыл ауданында «Майқайың-алтын» АҚ-ның тау-кен бұрмасына апарар жол опырылып түсті. Ол жерге сағат үштер шамасында құтқарушылар барып, жұмыстарын бастап кетті», – дейді Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов.Ол автобуста төрт адам болғанын айтты. Олар – үш құтқарушы (Кәсіби әскерилендірілген апаттан құтқа…

0
0
281