Астанада Назарбаевтың ескерткіші алып тасталды
Елордада экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткіші алып тасталды.

Осы жағдайға дәлел болатын фотосуреттер t.me/secretwithsecret-те жарияланды.
«Астанадағы Қорғаныс университетінде Назарбаевтың ескерткіші алып тасталды. Елбасыдан арылу жалғасуда», - деп жазылған аталған Telegram-арнада.
Айта кетейік, Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткіші Ұлттық қорғаныс университетінің аумағында 2020 жылы тұңғыш президенттің 80 жасына орай ашылған еді. Енді оның алып тасталғаны әлеуметтік желіде мәлім болды.
Аталған университеттегілер ескерткіштің шынымен тұғырынан түскенін, оның қазір қоймада жатқанын айтты.
