Мазмұнға өту
Обложка сообщества Qogam

”Оралман” оралар ма?

Мұхтар Мағауин ақсақалдың ұлтқа, ұрпаққа дәріс ретіндегі сұқбатын үш күн әрі де бері талқыланған көпшілік көңіл аудармаған және бір жәйт бар. Қаламгер биліктің “оралман” сөзін жойып, оның орнына “қандас” сөзін қолданғанын сынаған.

Фото: azattyq.org

Өте орынды сын ғой. Мағауин билік құр сөзді ауыстырып алдарқатқанша, шет елден оралған, әлі де оралғысы келетін қазақтарға қамқорлықты күшейткені жөн боларын айтады. Түптеп келгенде бізге бүкіл түрік халықтарының барлығы қандас екенін еске салады.

Әрине енді билік кері бұрылып, “мынауымыз қате болыпты” дей алмайды. Оған биік рух, кең өре, мол мінез, ызасыз, ашусыз байсалды байып керек қой.

Ендеше “оралман” сөзі ауыз-екі тілде сақталып, айтыла бергенмен ресми құжаттарда қайтадан жазыла қоймас.

Соның өзінде ақсақалдың ескертуі өте қисынды.

Журналист Қайнар Олжайдың Facebook-тегі жазбасы

0
0
136

Осы тақырып бойынша