Мазмұнға өту
finpolsko

ANTIKOR SKO

@finpolsko

Сайтта 2014 ж. 10 қаңтарКазахстан, Петропавловск

Департамент Агентства РК по противодействию коррупции по Северо-Казахстанской области

рейтинг

100

жазбалар

1 421

пікірлер

0

тіркелуші

18

жазылу

1

Білім беру жүйесіндегі өзекті мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы тікелей сұхбат

Облысымызда мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жүйесін жетілдіру жөніндегі бекітілген бірігіп жасалатын іс-шаралар Жоспарына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы мемлекеттік қызмет істері Департаментінің бастамасы бойынша, а.ж. 30 мамырда Облыстық балалар және жасөспірімдер шығармашылығының орталығында облыстық білім басқармасы және Петропавл қаласының білім бөлімі басшыларының ата-аналар қауымдастығы, облыс орталығы тұрғындарымен білім саласындағы өзекті мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша кездесуі өтті. Облыстың білім жүйесінің басшылары білім саласында қазіргі уақытта 32 мемлекеттік қызмет көрсетіледі, оларды көрсету мәселесі уәкілетті мемлекеттік органдардың ұдайы бақылауында екенін айтты. Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде бар мәселелер туралы Мемлекеттік қызмет көрсету ба…

0
0
525

Тәлімгерлер кеңесінің отырысы

2016 жылдың 26 мамыры Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінде Тәлімгерлер кеңесінің отырысы өткізілді. Тәлімгерлердің қызметшілермен бейімделу жоспарын орындауы бойынша жүргізіліп жатқан жұмысы туралы аралық есептері тыңдалды. Отырыс қорытындысы бойынша тәлімгерлерге ұсынымдар берілді.

0
0
435

Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі Кеңестің отырысына қатысу

Ағымдағы жылдың 27 мамырында Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің департаменті басшысының орынбасары Ж.Ж. Жұмабаев Солтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі кеңестің XVІІ отырысына қатысты. Күн тәртібінде сот үкімімен заңды күшіне енген «Диқаншы» ЖШС басшылығына айып тағу жөніндегі «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» филиалына СҚО Прокуратурасының ұсыныс енгізуі фактісі бойынша «Диқаншы» ЖШС, сонымен қатар қолданыстағы заңнаманың нормаларына ҚР Қаржы министрінің бұйрығы нормаларының сәйкес келмеуі бөлігінде «Алтын Тау - НЧ» ЖШС арыздары қаралды. Осы отырысқа бизнес-қауымдастықтардың, қоғамдық бірлестіктердің, қаржылық бақылау инспекциясының, тексеру комиссиясының, Мемлекеттік кірістер департаментінің, Прокуратураның және СҚ…

0
0
353

Тұрғындармен байланыс орнатудың тиімді жолы — жеке қабылдаулар

Ағымдағы жылғы 26 мамырда Мемлекеттік қызмет істері министрлігі СҚО бойынша департаментінің басшысы - Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Ғ.С. Тұрсынбаев және аймақтық Кәсіпкерлер палатасының директоры Т.С. Ысқақов бірлесіп, Есіл ауданындағы «Нұр Отан» партиясының филиалында азаматтарды жеке қабылдауларын өткізді. Қабылдауға 6 адам жазылды. Аудан тұрғындарын толғандырған мәселелердің басым көпшілігі мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілін есептеу, тәлімгерлік институты, сондай-ақ кәсіпкерлікпен айналысуға бел буғандарға мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдаудың түрлеріне қатысты болды. Қабылдау барысында қойылған сұрақтардың барлығына тиісті түсіндірмелер берілді. Әдеп жөніндегі кеңес мүшелерімен өткізілетін мұндай кездесулер тұрғындармен кері байланыс орнатудың тиімді құралы болуымен қатар, аза…

0
0
514

Есіл ауданындағы кездесу

Ағымдағы жылғы 26 мамырда Есіл ауданының әкімдігінде Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің СҚО бойынша департаменті басшысы - Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Ғ.С. Тұрсынбаевтың қатысуымен мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру жөнінде семинар өткізілді. Жиынға аудан басшылығы, аудандық мәслихат депутаттары, ауылдық округтер әкімдері, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының жетекшілері мен мамандары, этномәдени бірлестіктер, саяси партиялар және БАҚ өкілдері қатысты. Департамент басшысы Ғ.С. Тұрсынбаев, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының Бірінші институционалды реформасын жүзеге асыру аясында қабылданған «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңдарына, сонымен қатар мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексіне тоқталып, жиылғанд…

0
0
376

Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысында 4 мәселе қаралды

Ағымдағы жылғы 25 мамырда Мемлекеттік қызмет істері министрлігі СҚО бойынша департаментінің басшысы - Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Ғалым Сұлтанұлы Тұрсынбаевтың төрағалығымен Кеңестің кезекті отырысы өтіп, онда 4 мәселе қаралды. Алғаш болып аудан әкімдігінің қабырғасындағы қызметтік тәртіпті күшейту, сыбайлас жемқорлықтың және мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылықтардың алдын алу шаралары жөніндегі Мағжан Жұмабаев ауданының әкімі А.А. Бегмановтың ақпараты тыңдалды. Баяндама қорытындысы бойынша барлық олқылықтар ескеріліп, аудан басшысына қызметкерлерінің құқықтық сауатын арттыру және заңнаманы мінсіз сақтану жөнінде ұсыныс жасалды. СҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасында жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдаудың нәтижесі туралы Сыбайлас жемқо…

0
0
596

Тиімді қызмет – табыс кепілі.

2016 жылғы 20 мамырда ҚР МҚІМ СҚО бойынша Департаментінің қызметкері СҚО Экономика басқармасының қызметшілерімен «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалауға қатысты семинар өткізді. Семинар тақырыбы өзекті болғандықтан, келіп түскен сауалдар аз болмады. Олардың барлығына Департамент маманы өз жауаптарын берді.

0
0
544

СҚО кәсіпкерлерінің І сыбайлас жемқорлыққа қарсы форумы өтті

Ағымдағы жылғы 19 мамырда Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментімен аймақ кәсіпкерлерінің І сыбайлас жемқорлыққа қарсы форумы ұйымдастырылды. Аталмыш жиынға бизнесмендер, Кәсіпкерлер палатасының және өзге де мүдделі мемлекеттік органдарының өкілдері қатысты. Форум жұмысының барысында бизнес ортада сыбайлас жемқорлыққа қарсы моделді қалыптастыру, жемқорлық жағдайларын жоюға кәсіпкерлерді белсенді жұмылдыру, кәсіпкерлік субъектілерінің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру, әкімшілік тосқауылдарды жоюдың тетіктерін іздестіру мәселелері қаралды. Кездесуде модераторлықты Мемлекеттік қызмет істері министрлігі аумақтық департаментінің басшысы Ғ.С. Тұрсынбаев атқарды. «Қазіргі уақытта бизнес субъектілерінің кәсібі тиімді болуы үшін мемлекет тарапына…

0
0
499

Мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талаптар күшейтілді

Ағымдағы жылғы 17 мамырда Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігі аумақтық бөлімшелерінің өкілдері семинар өткізді. Облыстық мемлекеттік қызмет істері департаменті Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы Д.Қ. Тайшабай, мекеме ұжымын жаңа Әдеп кодексінің негізгі ережелерімен таныстырды. Баяндамашы мемлекеттік қызметшілер жеке және заңды тұлғалармен байланыс орнату барысында, сондай-ақ қызметтен тыс уақытта да мінез-құлық стандарттарын қатаң сақтанулары тиіс екендігін тілге тиек ете кетті. Ал Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің өкілдері болса, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласын реттейтін заңнамаға енген өзгерістерге кеңінен тоқталып, кездесуді жемқорлыққа қарсы тақырыпта түсірілген бейне роликтерді көрсету…

0
0
581

ҰБТ-да жемқорлық тәуекелдеріне жол берілмеу үшін

Ағымдағы жылғы 13 мамырда Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті Білім саласындағы бақылау департаментімен бірлесіп, М. Қозыбаев атындағы СҚМУ қабырғасында ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру кезінде жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу жөнінде ведомствоаралық семинар-кеңес өткізді. Кеңеске ҰБТ-ның 8 қосыны мемлекеттік комиссияларының мүшелері, облыстық, Петропавл қ. білім бөлімдерінің басшылары, Ішкі істер департаменті, Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті, қоғамдық ұйымдар және БАҚ өкілдері қатысты. Кездесуді ашқан Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Ж.Ж. Жұмабаев ұлттық бірыңғай тестілеудің білім саласында маңызды үрдіс екендігін айтып, тестілеу барыс…

0
0
586