Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Тұрғындармен байланыс орнатудың тиімді жолы — жеке қабылдаулар

Ағымдағы жылғы 26 мамырда Мемлекеттік қызмет істері министрлігі СҚО бойынша департаментінің басшысы - Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Ғ.С. Тұрсынбаев және аймақтық Кәсіпкерлер палатасының директоры Т.С. Ысқақов бірлесіп, Есіл ауданындағы «Нұр Отан» партиясының филиалында азаматтарды жеке қабылдауларын өткізді.

Қабылдауға 6 адам жазылды. Аудан тұрғындарын толғандырған мәселелердің басым көпшілігі мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілін есептеу, тәлімгерлік институты, сондай-ақ кәсіпкерлікпен айналысуға бел буғандарға мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдаудың түрлеріне қатысты болды.

Қабылдау барысында қойылған сұрақтардың барлығына тиісті түсіндірмелер берілді.

Әдеп жөніндегі кеңес мүшелерімен өткізілетін мұндай кездесулер тұрғындармен кері байланыс орнатудың тиімді құралы болуымен қатар, азаматтардың мәселелерін дер кезінде шешуге септігін тигізуде.

 
0
0
515

Осы тақырып бойынша

Тұрғындармен байланыс орнатудың тиімді жолы — жеке қабылдаулар - Yvision.kz