Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі Кеңестің отырысына қатысу

Ағымдағы жылдың 27 мамырында Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің департаменті басшысының орынбасары Ж.Ж. Жұмабаев Солтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі кеңестің XVІІ отырысына қатысты.

Күн тәртібінде сот үкімімен заңды күшіне енген «Диқаншы» ЖШС басшылығына айып тағу жөніндегі «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» филиалына СҚО Прокуратурасының ұсыныс енгізуі фактісі бойынша «Диқаншы» ЖШС, сонымен қатар қолданыстағы заңнаманың нормаларына ҚР Қаржы министрінің бұйрығы нормаларының сәйкес келмеуі бөлігінде «Алтын Тау - НЧ» ЖШС арыздары қаралды.

Осы отырысқа бизнес-қауымдастықтардың, қоғамдық бірлестіктердің, қаржылық бақылау инспекциясының, тексеру комиссиясының, Мемлекеттік кірістер департаментінің, Прокуратураның және СҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің өкілдері қатысты.
Кеңес отырысының аяқталуы бойынша ұсынымдар әзірленіп, айтылған мәселелерді шешу жолдары ұсынылды.
