Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талаптар күшейтілді

Ағымдағы жылғы 17 мамырда Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігі аумақтық бөлімшелерінің өкілдері семинар өткізді.

Облыстық мемлекеттік қызмет істері департаменті Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы Д.Қ. Тайшабай, мекеме ұжымын жаңа Әдеп кодексінің негізгі ережелерімен таныстырды. Баяндамашы мемлекеттік қызметшілер жеке және заңды тұлғалармен байланыс орнату барысында, сондай-ақ қызметтен тыс уақытта да мінез-құлық стандарттарын қатаң сақтанулары тиіс екендігін тілге тиек ете кетті.

Ал Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің өкілдері болса, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласын реттейтін заңнамаға енген өзгерістерге кеңінен тоқталып, кездесуді жемқорлыққа қарсы тақырыпта түсірілген бейне роликтерді көрсетумен түйіндеді

 
0
0
582

Осы тақырып бойынша

Мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талаптар күшейтілді - Yvision.kz