Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде интернет-конференция өткізу туралы ақпараттық хабарлама
2017 жылғы 17 сәуірде сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде алғаш рет «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қызметтік әдепті сақтау және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Агенттік Төрағасының орынбасары А.Ж. Шпекбаев жауап беретін болады. Интернет-конференция «Ашық диалог» порталында және Агенттіктің интернет-ресурсында нақты уақыт режимінде өтеді. Сұрақтар қою үшін kyzmet.gov.kz мекенжайы бойынша Агенттіктің сайтына немесе dialog.egov.kz веб-торабына кіріп, «Интернет-конференция» бөлімін таңдап, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қызметтік әдепті сақтау және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру салалары бойынша қыз…