Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Білім беру жүйесіндегі өзекті мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы тікелей сұхбат

Облысымызда мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жүйесін жетілдіру жөніндегі бекітілген бірігіп жасалатын іс-шаралар Жоспарына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы мемлекеттік қызмет істері Департаментінің бастамасы бойынша, а.ж. 30 мамырда Облыстық балалар және жасөспірімдер шығармашылығының орталығында облыстық білім басқармасы және Петропавл қаласының білім бөлімі басшыларының ата-аналар қауымдастығы, облыс орталығы тұрғындарымен  білім саласындағы өзекті мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша кездесуі өтті.

Облыстың білім жүйесінің басшылары білім саласында қазіргі уақытта  32 мемлекеттік қызмет көрсетіледі, оларды көрсету мәселесі уәкілетті мемлекеттік органдардың ұдайы бақылауында екенін айтты.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде бар мәселелер туралы Мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының басшысы М.Қ. Қасымов баяндады, онымен мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын жоғарылату жөніндегі жұмысты күшейту, осы қызметті реттейтін нормативті-құқықтық актілерді зерделеу бойынша іс-шаралар қабылдау ұсынылды.

Ата-аналар қауымдастығы аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалыс беру, мүмкіндігі шектеулі балаларды арнайы білім беру ұйымдарына қабылдау туралы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу бойынша көптеген сұрақтар қойылды, сонымен қатар ата-аналарды жалпы оқыту қорынан қаражаттың реттелуі, білім беру ұйымдарында ағымдағы жөндеу мәселесі, соның ішінде мектептерге баратын жол жағдайы сияқты сұрақтар қызықтырды. Осы шараға облыс орталығының 500 жуық тұрғыны қатысты, кездесу қорытындысы бойынша қажетті ұсыныстар қабылданды.

 
0
0
528

Осы тақырып бойынша

Білім беру жүйесіндегі өзекті мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы тікелей сұхбат - Yvision.kz