Мазмұнға өту
finpolsko

ANTIKOR SKO

@finpolsko

Сайтта 2014 ж. 10 қаңтарКазахстан, Петропавловск

Департамент Агентства РК по противодействию коррупции по Северо-Казахстанской области

рейтинг

100

жазбалар

1 421

пікірлер

0

тіркелуші

18

жазылу

1

Мемлекеттік қызметтің тартымдылығы артуда

Ағымдағы жылғы 13 мамырда Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті басшылығы «Түлек 2016» бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қатысты. Іс-шарада өңіріміздің мемлекеттік мекемелеріндегі әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің бірқатар бос лауазымдары ұсынылды. Жәрмеңкеге қатысқан Мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Е.Ф. Степаненко, дәстүрге айналған форумның жоғары тиімділігін атап өтті. Өйткені мемлекеттік қызметтің қатарын толықтыруға ниет білдіруші жастардың саны жыл сайын артуда. Департамент өкілдері Солтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік органдарындағы үш жүзге тарта бос лауазымдарымен таныстырып қана қоймай, аудандар кесіндісіндегі мемлекеттік органдар қызметінің негізгі бағыттары және оларға қойылатын талаптар туралы толық мағлұмат бе…

0
0
356

Жас маманға тәлімгерден қолдау бар

Ағымдағы жылғы 3 мамырда Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің жергілікті департаментімен «Солтүстік Қазақстан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ ұжымында семинар өткізілді. Кездесуде мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласын реттейтін заңнамада орын алған өзгерістер, әңгіме арқауына айналды. Мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Е.Ф. Степаненко мекеме қызметкерлерін «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының негізгі жаңашылдықтарымен таныстырып, тәлімгерлік институтының жүзеге асырылу тетіктеріне кеңінен тоқталып өтті. Бұдан былай, мемлекеттік қызметке алғаш қабылданған маман жұмыс орнына «судай сіңуі» үшін, оған сол мекеменің тәжірибелі қызметкері тәлімгер ретінде тағайындалатын болады. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қ…

0
0
392

Солтүстік Қазақстан облысының экологтары мемлекеттік қызметтің мансаптық моделін талқылады

Ағымдағы жылғы 4 мамырда Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментімен облыстық Экология департаментінде «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының жаңашылдықтарын түсіндіру жөнінде ақпараттық семинар өткізілді. Аталған заң үстіміздегі жылдың 1 қаңтарынан бастап «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын тәжірибелік жүзеге асыру аясында күшіне енген болатын. Мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы Ә.Б. Мұхамеджанова жиылғандарды «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының негізгі ережелерімен таныстырып, мемлекеттік қызметке орналасу тәртібінің жаңғыруы, үш кезеңді қамтитын конкурстық іріктеу үрдісінің күшейтілуі және «Е-қызмет» ББЖ қызмет бабында пайдаланудың ерекшеліктері туралы айтып берді. Бұған қоса, облыс э…

0
0
392

Мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру

Ағымдағы жылғы 3 мамырда Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің мамандары Медициналық қызметке ақы төлеу комитеті мен Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің облыстық департаменттерінің ұжымдарына семинар өткізді. Күн тәртібінде екі мәселе қаралды, яғни мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы әдебі және мемлекеттік қызметшілердің жұмысының тиімділігін бағалау әдістемесі. Бірінші мәселе бойынша сөз сөйлеген Сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының бас маманы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-этикалық нормаларды сақтануы мәселелеріне кеңінен тоқталды. Мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы үстіміздегі жылдың 1 қаңтарынан күшіне енген «М…

0
0
724

Солтүстік Қазақстан облысының аудандарында жемқорлыққа қарсы диалог алаңдары өтті

Қазақстанның барлық аймақтарында орналасқан үкіметтік емес, этномәдени, діни және өзге де қоғамдық бірлестіктер «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әдеп – қоғам мен мемлекет тарапынан білдірілген айрықша сенімге негізделген кәсіби стандарт» тақырыбында өткен диалог алаңында жемқорлыққа қатысты пікірлерімен алмасты. Мұндай шарадан Солтүстік Қазақстан облысының аудандары да шет қалмады. Осылайша өткен аптада өңіріміздің Қызылжар, Мамлют, Жамбыл, Есіл, Тимирязев, Тайынша және Уәлиханов аудандарында диалог алаңдары болып өтті. Аталған шаралардың көздегені – сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте адамгершілік құндылықтарды пайдалану арқылы қоғамның жемқорлық сипаттарына деген «нөлдік» төзімділігін қалыптастыру. Ал сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда үкіметтік емес сектордың алатын орны ер…

0
0
873

«СЕРПІН-2050» жастарына мемлекеттік қызмет есігі ашық

Ағымдағы жылғы 28 сәуірде Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті Сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Н.С. Жахин облыстық Жастар бастамалары орталығының ұйымдастыруымен өткен «Серпін-2050» әлеуметтік жобасы бойынша білім алып жатқан студенттермен кездесуге қатысты. «Серпін-2050» әлеуметтік жобасы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясында айқындалған басымдықтарды жүзеге асыруға бағытталған іс-шаралардың бірі болып табылады. Аталмыш жоба Мәңгілік ел жастарын мемлекеттің дамуы жолына барынша жұмылдыру мақсатында іске қосылып, еліміздің түпкір-түпкірінде көптеген жас лайықты білім алуға мүмкіндік алды. Кездесуге мұрындық болған Жастар бастамалары орталығы жастарды қолдау секторының нұсқаушысы Б…

0
0
433

Мамлют ауданында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің рәсімдерін, мемлекеттік қызметті өткеру тәртібін жетілдіру мәселесі жөнінде кешенді іс-шаралар өткізілді

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жүйесін жетілдіру жөніндегі бірігіп жасалған іс-шаралар Жоспарына сәйкес, а.ж. 27 сәуірде Мамлют ауданында Солтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері департаментімен Мамлют, Қызылжар, Жамбыл аудандары мемлекеттік орган өкілдерінің, Мамлют қаласы тұрғындарының қатысуымен жергілікті атқарушы органдарда тұрғындарға мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің рәсімдерін, мемлекеттік қызметті өткеру тәртібін жетілдіру мәселесі жөнінде бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды. Жоспарланған іс-шаралар шеңберінде, аудан орталығының тұрғындары «Нұр Отан» партиясы Мамлют аудандық филиалының қоғамдық қабылдауында азаматтардың жеке қабылдау өтетіні ақпараттандырылған. Азаматтарды СҚО мемлекеттік қызмет істері департаменті басшысының орынбасары Ж.Ж. Жұмабаев қа…

0
0
739

Жемқорлықтың алдын алу — мектеп табалдырығынан

Ағымдағы жылғы 26 сәуірде Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті Сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының мамандарымен № 8 эстетикалық тәрбие беретін орта мектебінің жоғары сынып оқушыларына дәріс оқылды. Қай мемлекеттің болмасын, ілгерілеуін іркілтетін ішкі індеттердің бірі – жемқорлық. Жаһанның жағасына жармасқан жұқпалы дерт Қазақстанда да жоқ емес. Сондықтан, сыбайласқан қылмыстық әрекеттердің алдын алу мектеп табалдырығынан басталуы тиіс. Осы мақсатты көздеген Департамент мамандары, оқушыларға жемқорлыққа нөлдік төзімділікті қалыптастыру жөнінде олардың өмір жолында қажет болатын пайдалы кеңестерін беріп, 2015 жылы әшкереленген жемқорлық құқық бұзушылықтардан бірқатар мысалдар келтірді. Өскелең ұрпақты Қазақстанның «Transparenc…

0
0
644

Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезіндегі әкімшілік салмақ жүгін жою

Ағымдағы жылғы 21 сәуірде СҚО бойынша мемлекеттік қызмет істері департаменті мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының басшысы Солтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлер палатасында кәсіпкерлерге арналған семинар-кеңеске қатысты. Семинар шеңберінде облыстық прокуратура, мемлекеттік кірістер департаменті, «Қазақстандық авторлық қоғам» республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілдері кәсіпкерлерге террористік жақтан әлсіз нысандардың иелерінің лаңкестікке қарсы қорғаушылықты және кәуіпсіздік деңгейінің қажетті сақталуын қамтамасыз ету бойынша орындамаушылыққа жауапкершілік туралы, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жүргізілген жұмыс, авторлық және қосарлы құқықтар жөнінде ақпараттандырды. Мемлекеттік қызмет істері департаментінің өкілі М.Қ. Қасымов мемлекеттік және квазимемлекеттік субъекті…

0
0
339

БАҚ өкілдері жемқорлыққа қарсы мәдениеттің қалыптасуына зор үлес қосуда

Ағымдағы жылғы 19 сәуірде Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті Сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Н.С. Жахин «Қазақстан Республикасы Президентінің жемқорлыққа қарсы күрес бағдарламасын қолдау жөніндегі комитетінің» облыстық филиалымен бірлесе ұйымдастырылған баспасөз мәслихатын өткізді. Бұқаралық ақпарат өкілдерімен кездесуге Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюро департаментінің басшылығы да қатысты. Кездесуді ашқан Комитеттің облыстық филиалының жетекшісі А.А. Тыртышный БАҚ өкілдерін қызметтерінің басым бағыттарымен таныстырды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюро департаменті басшысының орынбасары Қ.С. Бейсембаев, ведомство жұмысының стратегиялық бағыттарына тоқталып, сыбайлас жемқорлық құқық б…

0
0
794