Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысында 4 мәселе қаралды

Ағымдағы жылғы 25 мамырда Мемлекеттік қызмет істері министрлігі СҚО бойынша департаментінің басшысы - Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Ғалым Сұлтанұлы Тұрсынбаевтың төрағалығымен Кеңестің кезекті отырысы өтіп, онда 4 мәселе қаралды.

Алғаш болып аудан әкімдігінің қабырғасындағы қызметтік тәртіпті күшейту, сыбайлас жемқорлықтың және мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылықтардың алдын алу шаралары жөніндегі Мағжан Жұмабаев ауданының әкімі А.А. Бегмановтың ақпараты тыңдалды.

Баяндама қорытындысы бойынша барлық олқылықтар ескеріліп, аудан басшысына қызметкерлерінің құқықтық сауатын арттыру және заңнаманы мінсіз сақтану жөнінде ұсыныс жасалды.

СҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасында жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдаудың нәтижесі туралы Сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының маманы Қ.М. Шаймұқанов баяндады. Бұған қатысты Кеңес мүшелерімен өзекті мәселелерді дер кезінде шешу және халыққа көрсетілетін қызметтің сапасын арттыру жөнінде бірқатар ұсыныстар берілді.

Әдеп жөніндегі кеңестің хатшылығымен 2016 жылдың І тоқсанында облыстың мемлекеттік органдарында әрекет ететін тәртіптік комиссиялардың жұмысына талдау жүргізілді. Атқарылған жұмыстың қорытындысы бойынша Кеңес мүшелері тәртіптік комиссия төрағаларына тиісті тапсырмалар жүктеді.

Кездесу соңында Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексін бұзғаны үшін М. Жұмабаев ауданы Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жетекшісі Т.П. Грибованың тәртіптік ісі қаралды.

 
0
0
597

Осы тақырып бойынша