Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Петропавл қ. әкімі аппаратында өзекті мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы тікелей сұхбат

Облысымызда мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жүйесін жетілдіру жөніндегі бекітілген бірігіп жасалатын іс-шаралар Жоспарына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы мемлекеттік қызмет істері Департаментінің бастамасы бойынша, а.ж. 7 маусымында Петропавл қ. әкімі аппаратында қаланың жергілікті атқарушы органдарының жауапты қызметкерлерімен өзекті мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселесі бойынша жұмыс кездесуі өтті.

Жұмыс кездесуі департамент басшысының орынбасары – әдеп жөніндегі кеңес меңгерушісі Ж.Ж. Жұмабаевтің кіріспе сөзінен басталды, ол жиналғандардың назарын мемлекеттік органдармен мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде бұзушылық жасалатынына назар аударды, ішінара тексеру тізімін іріктеу бойынша негізгі тәуекел критерийлері дәрежелерін ашып айтты.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде бар мәселелер туралы Мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының басшысы М.Қ. Қасымов баяндады, онымен мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын жоғарылату жөніндегі жұмысты күшейту, осы қызметті реттейтін нормативті-құқықтық актілерді зерделеу бойынша іс-шаралар қабылдау ұсынылды.

Мемлекеттік органдардың өкілдері мемлекеттік қызметтерді алу кезінде көптеген мәселелер бойыша сұрақтар қойылды, мысалы аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалыс беру бойынша жалпы оқыту қорынан қаражаттың реттелуі. Сонымен қатар жер қатынастары бөлімінің мамандары бар мемлекеттік қызметтер рәсімдерін жетілдіру мақсатында бір композиттік қызмет біріктіру бойынша ұсыныс енгізілді.

Қойылған сұрақтарға жауаптар берілді, сонымен қатар, қосымша зерделеуді қажет ететін сұрақтар бейінді Министрліктерге бағытталады.

Кездесу қорытындысы бойынша қажетті ұсыныстар қабылданды.

 
0
0
332

Осы тақырып бойынша

Петропавл қ. әкімі аппаратында өзекті мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы тікелей сұхбат - Yvision.kz