Реформалар қызу талқылануда

Ағымдағы жылғы 6 маусымда Мемлекеттік қызмет істері министрлігі аумақтық департаментінің қызметкері Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрлiгi Еңбек, әлеуметтiк қорғау және көшi-қон комитетiнiң СҚО бойынша департаментiнде мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы реформаларды түсіндіру жөнінде кездесу өткізді.

Сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының бас маманы С.О. Айдарбеков «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының конкурс ресімдерді өткізу, мемлекеттік қызметті өткеру тұсындағы жаңашылдықтарына тоқталып, мекеме ұжымын «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы және Әдеп кодексінің ережелерімен таныстырды.
Семинар соңында мемлекетте жүргізіліп жатқан реформалар қызу талқыға салынып, туындаған сұрақтарға жауаптар берілді.
