Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Мемлекеттік қызмет істері министрі халық алдында есеп берді

Ағымдағы жылғы 8 маусымда Астана уақытымен 11:00-де Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрі Т.С. Донақовтың халық алдында есеп беру кездесуі өтті. Аталған шара жұртшылыққа барынша қолжетімді болу үшін еліміздің интернет-порталдарында тікелей көрсетілімдер ұйымдастырылды. Министрдің баяндамасын Қызылжар тұрғындары облыс әкімдігінде ұйымдастырылған бейнеконференц байланыс арқылы көруге мүмкіндік алды.

Кездесуде Талғат Советбекұлы еліміздегі мемлекеттік қызметтің ахуалы, сондай-ақ министрлік қызметінің басым бағыттары жайында баяндады.

Талғат Донақовтың айтуынша, мемлекеттік қызметшілер өздеріне халық тарапынан білдірілген айрықша сенімді ақтаулары, көмекке жүгінген тұрғындарға сапалы қызмет көрсетулері тиіс.

Сондай-ақ ол мемлекет пен азаматтардың өзара байланысы нығаюы үшін мемлекеттік қызмет жүйесі есеп беру үрдісін дәстүрге айналдырып, транспорентті, тиімді, дебюрократиялық және тұрғындардың мұқтаждықтарымен санасатын орган болуға одан әрі ұмтылатын болады деді.

Есеп беру бөлігі аяқталған соң ниет білдіргендер министрге өз сауалдарын жолдады.

Алғашқы есеп беруін түйіндеген Талғат Донақов, тұрғындарға белсенділіктері үшін алғысын білдіріп, кездесу барысында жауап беруге үлгермеген сұрақтарға міндетті түрде тиісті түсіндірмелерін беруге уәде берді.

Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің ресми сайтындағы арнайы «СҰРАҚ-ЖАУАП» айдарына азаматтардан жүзден астам өтініш келіп түсті.

 
0
0
469

Осы тақырып бойынша

Мемлекеттік қызмет істері министрі халық алдында есеп берді - Yvision.kz